Таразда тауар бағасын көтергендер сабасына түсті
жеке
блог

Таразда тауар бағасын көтергендер сабасына түсті

2020 жылы 10 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында былай деген еді: «Тұрғындарға және бизнеске қолдау көрсету мақсатында дағдарысқа қарсы нақты шаралар қабылдадық. Азаматтарымызға көмектесу үшін бұрын-соңды болмаған көлемде қыруар қаржы бөлінді. Көптеген мемлекеттер халқына осындай қолдау көрсете алған жоқ. Үкімет сол қаражаттың сапалы әрі мақсатқа сай жұмсалуын қадағалауы тиіс. Төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды міндеттердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы белгіленді. Қазір көктемгі егіс науқаны басталды. Бұл – өте маңызды жұмыс. Сондықтан, Үкімет және әкімдіктер осы жұмысты ерекше назарда ұстауы қажет.

2020 жылы 26 сәуірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы тобымен қала аумағында орналасқан 11 дүкен (орта және шағын супермаркеттер) араланды. Атап айқанда, «Корвет», «Умка», «AsMol», «Рауан», «Dostyk Market», «Orda», «Жұлдыз», «Деменур», «Сабина», «Okey» және «LUX» супермаркеттеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек бағаларының орындалуына қадағалау жүргізілді.

Нәтижесінде, араланған барлық дүкендерде тазартылған күріш, қарақұмық, тауық жұмыртқасы және күнбағыс майының бағалары шекті бағадан асқан деректері анықталды.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес министрліктердің бірлескен бұйрығымен белгіленген шекті бағалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында дүкен иелерінің ықыласымен сол мезетте аталған тауар түрлерінің бағалары нормативтік-құқықтық актіге сәйкестендірілді.