жеке
блог

Сөйлей білу мен сөйлей беру

Қазақта даудың басын бір ауыз сөзбен қайтарған немесе сөзі өткір деген тіркестер қалған. Оның тәпсірі мынада.  Сіздің сөзіңіз айтылған адамға жетіп оған әсер етеме немесе құмға сіңген судай жоқ болама ол сізге байланысты. Мен басында келтіргендей арасы 6 ақ әріп. Ол  М А Ғ Ы Н А.  Басты кемшілк осыда.

Қазіргі жастар сөзге тоқтамайды тілге келмейді немесе білгендерін істейді дегенді көп жерден естіп те көріп те жүрміз.  Неге? Себебі оған айтылатын тәрбиелік сөздер, ата-ана ақылы тиісінше-бір сарынды. Әу баста қазақ өз баласына ақыл айтқанда майын тамызып тұрып сүйеккке сіңіріп айтатын. Қазіргі ата-аналар ақылды қалай айтатынын білмеймін өйткені мен де ата-ана болып үлгергенім жоқ. Бірақ көріп жүргендеріммен бөлісейін. Жақсы ата-аналар кітап оқып алып немесе арына тигізіп тұрып ақыл айтар. Бірақ сөзді олай айтқанның өзінде оның балаға жетуінің  пайызға шаққандағы құны 50%. Ал қалған жартысы ата-ана өзінің айтқан дұрыс істерін өзі орындап жүруі тиіс. Яғни қандай да бір сөз айтпас бұрын оны бірінші өзің орындауың керек. Имам ағзам Әбу-Ханифаға бір ана баласының бал жей беретіндігін оны қоймаса жаман ауруға шалдығатынын айтып, баласына қой деп айтуын өтініп келеді. Сол кезде оған имам 40 күннен кейін келуін сұрайды. 40 күннен кейін балдың кішкене балаға зияны бар екенін, оны тек мөлшермен пайдалану керегін түсіндіреді. Бала келесіде балды аузына алмауға уәде береді. Анасы сонда осыны неге 40 күн алдын айтпадыңыз дегенде "сол күні өзім ем үшін аздап бал жегенім бар еді. Өзім істеген істі істеме деп айтуға ұялдым" деген екен. Ал қазір ше? Күлкілі болсада айтайын. Өздері орысша араластырып сөйлеп баласына қазақша сөйле дейді немесе телефонды ұстау зиян деп өздері соны қолынан тастамайды тіпті интернеттеі шектеу керек деп интернетке пост жазады. Осы жерде айта кететін бір жәйт мен ересек адаммын, жұмыстарым бар сен не шаруаңа үлгермей ұстайсың деген сөздер балаға өтпейді. Ал ата-ана не істесе де ол балаға 100% дұрыс көрінеді. Сондықтан ақыл айтар алдын оны өзің орындау-міндет. Бала тәрбиелеу дегеніміз өзіңді екі есе тәрбиелу. Сөз бен іс сай келмесе тиісінше айтылған сөз мағынасыз ал мағынасыз сөз дегеніміз бостан босқа ауыз ауырту.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі