Бізге қандай мамандар қажет?

Бізге қандай мамандар қажет?
жеке
блог

    

 Жыл сайын жаңа мамандық түрлері  пайда болып, сәйкесінше оларға деген сұраныс та артады. Жалпы әр жыл сайын мыңдаған талапкер өз жолдарың таңдап, елінің өзекті жастар қатарыңа қосылуда. Таңдауды қалай дұрыс жасау керек? Еліміз қандай маман иелеріне зәру? Біздің міндет – қоғам тапшылығы атанған салада қызмет ету. Сол себепті, мамандық дегеніміздің сән еместігін, оның біздің өмірімізде, ел экономикасының дамуында маңызды рөл атқаратындығын жадымызда ұстаған жөн

     Халықаралық қатынастар саласы 

  Халықаралық қатынастар, сыртқы саясат және мемлекет аралық байланыстар мәселелерімен айналысатын мамандардың ел мүддесіне деген қажеттілігі зор екені сөзсіз.Бұл маман атаулары кем дегенде 4-5 тілді жетік меңгерумен қоса, кәсіби қызмет түріне дайын субьекті болуы қажет. Еліміз бұл мамандық жолында білікті мамандар күтуде.

     Инженерлік мамандықтар

  Өндірістік ұстанымдардың қарқынды дамуына байланысты, ең қажетті деген мамандықтар -  құрылыстық қызмет көрсету саласы, технологиялық машиналар мен техникаларды жасаумен айналысушы, сонымен қатар машина жасаушылар болып табылады. Оған қоса металлургтар, энергетиктер, мұнай және газ саласының, есептеу техникасының, радиотехника, электроника және телекоммуникация жұмысшылары өз тапшылығымен белгілі.  Қазіргі таңда энергетикалық, өнеркәсіптік, жіне кәсіби инженерлік орта топтың техникалық мамандары мен жетекшілерінің қатты жетіспеушілігі туындайды.

      Нанотехнологтар

     Бұл — молекулалар және атомдармен құрамымен әрекетке түсу арқылы заттардың неғұрлым жабық әрі бағалы қасиеттерін қолданатын технологиялар. Заманауи өндірістік саланың пайдалану әдістерімен айналасатын қолданбалы әрі ғылыми саласы. Арнайы технологиялар микросызбаны өндіруде ел экономикасына өз ықпалың тигізсе, наноөлшемдегі роботтар әлемдік денгейдегі байқалынатын синтездеуде басты әреке етуші болып табылады.

       Логисттер

   Логистикалық салада өз орнынды таба білу үшін талдамалы ақыл мен жүйелі ойлау, қиын жағдаяттардан тез шыға білу, тіл табысқыштық қажет болады. Бастапқы нүкте мен қорытынды арасындағы белгілі бір заңнамаларға сәйкес қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді басты талаптарға алады.

      Экологтар  
     
     Туындайтын ауқымды жаhандық мәселелерді(экология мен оған деген популяцияның әсері) шешуге бағытталған сала. Экожүйенің организм қауымдастықтарына тығыз байланысты екенің негізге алып, оның шешу жолдарын ұсынады. Қоршаған орта мен адамзаттың бейімделу заңдылықтары енгізіледі

     

     Медицина саласы мамандары

  Адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.Елімізде бұл сала мамандары бар болса да, заманауи биотехнологиялық құралдармен толықтай қамтамасыз етілмеген.

    Химия саласындағы мамандар

 

  Химикаттармен жұмыс жасау - энергетика саласында ерекше сұранысқа ие. Болашақта энергияның балама көздері аса қажет болады. Энергетикалық отын көздерімен білікті мамандар айналысады.

    

    Ғаламтордағы ақпарат топтамаларын өңдеген Елтай Шырын