Абайдың "Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол" өлеңін талдап жазу

Абайдың "Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол" өлеңін талдап жазу
жеке
блог

Абай шығармашылығы- зерделі оймен астарласқан мөлдір, тұнық, шексіз терең ой, кіршіксіз пейіл, сарқылмас ақыл, таусылмас байлыққа тұнып тұр. Осы айтылған байлық қалың жиынға қалай жеткізіліп, санасынан ой, жүрегінен орын таба білді?

Менің ойымша, ақын толқыныспен, күйінішпен, мұңды ойымен, жүрегімен, әсіресе, өлең атаулы киелі ұғым арқылы жеткізе білді. Оған дәлел, А. Құнанбайұлының "Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол" өлеңі ақынның халқына қаратылып, бар күйінішпен, өсиет-нақыл ретінде жазылған туындысынан аңғарамыз. Бұл өлеңнің идеясы-адами қасиеттерді, құндылықты талдап жазумен қатар, өлеңнің құдірет, маңызын, өмірдің қызығы- өлең екенін дәлелдеу. Өлең идеясы осы өлең шумақтарынан көрініс табады:

           Туғанда дүние есігін ашады өлең,

           Өлеңмен жер қойнауына кірер денең,

           Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

           Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең.

Қорытындылай келе, ақынның "Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол" өлеңі- болашақ ұрпаққа ой саларлық бағаланбас туындысы менен Шортанбай, Дулат, Бұқар жыраулардың ізін жалғастырған Хакім Абайдың тұлғалық қырын тереңнен танытатын өлеңі.

                              Сальменбаева Малика