Бітімі бөлек бәйтерек

Бітімі бөлек бәйтерек
жеке
блог

Аристотель жалғасы, екінші ұстаз,

Еңбегі бүгінгімен тағы ұштас.

Әл-Фараби әрі дана, әрі ойшыл 

Бір қарасақ бас ақынға келеді ұқсас.

 

Жан-жақты білімі бар ақылды адам 

Отырарда жасапты алғаш қадам.

Шаш, Мысыр, Бағдат сынды қалаларда 

Білімін жетілдіріп, алған қалам

 

Жұлдыздармен сырласып түні бойы 

Аспанның денесімен тұнған ойы.

Адамды да зерттепті бар жанын сап 

Өнерге толы екен тұла бойы. 

 

Көркейткен Фарабилер бар ғаламды,

Ұштаған болшаққа сан қаламды.

Бүгінде ғұламалар болса екен

Сахнадан жоятын әр арамды.