Негізгі / Әбішпен сырласу (арнау өлең)
Әбішпен сырласу (арнау өлең)

                Рахман Ботакөз

                Әбішпен сырласу

 

Маңғыстаудың заңғар алып тұлғасы,

Жырында оның қазағының мұң-жасы.

Елім деумен қайрақтаған қаламды

Өркендеуде Әбіш салған жол басы.

 

Асыл сөздің құдіретін ұқтырдың,

Көкейімде жатталады сазды үн.

Мәні терең ойларыңмен жамалар,

Мына мендік жүректегі жыртығым.

 

Болашақты уайымдаумен күндіз-түн,

Жылжымайтын пенде(ні) орнынан тұрғыздың.

Қазағымның жастары деп шарқ ұрсаң,

Әбіш деумен аузы талмас ұл-қыздың.

 

Елім деумен тарих ізін жалғадың,

Уайымдаумен төгілді жас қанша мұң.

Соғыс құрғыр ұрлап жастық шағыңды,

Әкеңді де жалмап өтті-ау қас-қағым.

 

Қазақ деуден шаршамадың, талмадың,

Жазушылық-сенің басты арманың.

Сол арқылы талай сырды ақтарып,

Сол арқылы ғұмырыңды жалғадың.

 

Міне, өтті сен жырлаған заман да,

Заманының алды болу жаман ба?

Бүкіл әлем мойындаған кемеңгер,

Қалай кеттің келмес мәңгі сапарға.

 

Қолжазбаңды шаң бастырмай сақтайтын,

Сенген халқың бар үмітіңді ақтайтын.

Болғаннан соң бойтұмары қазақтың,

Қазақ қана сендік ойды жақтайтын.

 

Қуаныш пен шаттық күндер қайтадан,

Жадырап күн өзгеруде айналаң .

Тәлім берген шәкірттерің бүгінде,

Білім іздеп әлем шетін жайлаған.