Сізді ертеңгі күнді жақсы өткізуге дайындайтын 6 кешкі әдет

Сізді ертеңгі күнді жақсы өткізуге дайындайтын 6 кешкі әдет
жеке
блог
Сіздің күніңіз қалағандай емес, көңілсіз өтті. Бәрі бітті деп, күнді бітірмей-ақ қойыңыз, өйткені сізде әлі кешкі уақытыңыз бар. Қалған уақытыңызды пайдалы өткізіңіз. Бұл блогтағы пайдалы кеңестер сізге демалып, стресстен арылуға және келесі күнді жақсы көңіл-күймен бастауыңызға көмекші болады.

1. Әлеуметтік желілерден және телефоннан бірнеше сағатқа аулақ болыңыз
Үрейлі әлем әрдайым қоңыраулармен, электрондық хаттармен немесе хабарламалармен бізге шабуыл жасайды. Кешке үйге келген соң, біз әрі қарай жұмыс, политика, әлемде болып жатқан жайлар және тағы да басқа жайлар туралы ойлап, қобалжып жүреміз. Соған қоса біздің іс-әрекеттеріміз де сол жайларға байланысты болады. Сонымен қатар, кешкі уақыт – демалу, отбасымен сөйлесу, өткен күнді қорытындылау және келесі күнді жоспарлау үшін керемет уақыт.
Жатар алдында өзіңізге қалған әлемнен тыс бірнеше сағат бөліңіз. Сол уақытты тек өзіңіз үшін маңызды заттарға бөліңіз. Электронды құрылғылардағы ескертулерді өшіріңіз, телевизордың дауысын өшіріп, тек өзіңізбен жалғыз болыңыз. Бұл әдет сізге тынығуға көмектеседі, миға күннің біткенің ескертіп, ұйқыңызға жәрдемші болады.

2. Тынығуыңызға кеңістік жасаңыз
Күніңізді экран алдында өткізіп, үйге келген соң тағы да экран алдында өткізу – демалудың жақсы тәсілі емес. Сонымен қатар, сіз кез-келген заманауи адам бастан кешіретін стрессті күшейтесіз. Жұмыс күнінен кейін сіз демалып, назарыңызды басқа іске аударуыңыз қажет.
Өзіңізді жайлы, бақытты және тыныш сезінетін орынды табыңыз және өзіңізді тыныштандыруға 20 минут уақыт бөліңіз. Сіз физикалық жаттығулар, медитация, кішігірім үй жұмыстарымен айналысуға немесе душ қабылдауыңызға болады. Немесе ештеңе жасамаңыз - өзіңізге осы сән-салтанатқа мүмкіндік беріңіз.

3. Хоббиіңізге уақыт бөліңіз
Жұмыс біткен соң, қалған уақытты неліктен өзіңізге ұнайтын іспен өткізбеске? Бұл өрнек салу сияқты кішігірім хобби немесе шет тілін үйрену секілді практикалық хобби немесе бизнес-жоба құрау боулы мүмкін. Хоббиіңізді табу үшін, өзіңізге мынандай сұрақ қойыңыз: “Егер маған ақша табу керек емес болса, не істер едім?” Меніңше, өзіңізге ұнайтын іске бір жарым сағаттай уақыт бөлу өте дұрыс шешім болар.

4. Өзіңізге есеп беруге уақыт бөліңіз
Әр күннің соңында сіз өз-өзіңізге есеп беруіңіз қажет. Американдық спикер және психолог Джим Рон айтпақшы: “Нәтижелер сізді қуанту немесе итермелеу қажет” Өзіңізге сұрақ қойыңыз: “Мен бүгін қандай жақсылық жасадым?” Осыған небары минут уақыт бөлсеңіз де болады. Оған қоса өз ойларыңызды күнделікке жазыңыз. Бұл іс сізге ойларыңызды құрылымдап, пішін беруге мүмкіндік береді.

5. Өзіңізге ұнайтын нәрсені оқыңыз
Кітап оқу - бұл сіздің күніңізді аяқтаудың ең жақсы тәсілі. Осы туралы ғылыми дәлелдер де бар. Сассекс университетінің докторы Дэвид Льюистің айтуынша, бар болғаны 6 минуттық оқу стрессті 68%-ға төмендетеді. Бұл серуендеу, музыка тыңдау, шай / кофе немесе бейне ойындардан гөрі тиімдірек. Сондай-ақ, ұйықтар алдында оқу, ақпаратты есте сақтауға көмектеседі. Ми оны ұйқы кезінде де өңдеуді жалғастырады.
Сіз кез-келген нәрсені таңдай аласыз: көркем немесе көркем емес, классикалық немесе заманауи проза - бастысы сізге ұнайтыны. Қағаз кітаптарын қолданған дұрыс. Біріншіден, олар ұйқыға экрандардың жасанды жарығы сияқты теріс әсер етпейді, бұл мелатонин гормонының қалыптасуын бұзады. Екіншіден, зерттеулер электронды нұсқаларға қарағанда қағаз кітаптар зейін қоюының жақсартуына әкелетінін көрсетеді.

6. Ертеңгі күнге бүгін дайын болыңыз
Таңертеңгілік өмір сүру сіздің кешіңізді қалай өткізгеніңізге байланысты. Таңертең сізде бірдеңе жасауға деген ынта аз. Сіз жүгіру немесе медитация туралы айтпақ түгілі, жылы төсектен шыққыңыз келмейді. Бірақ сіз әлі де үйден шығуды ұйғардыңыз делік. Киімдерім қайда? Машинаның кілті қайда? Бұл сұрақтарға жауаптың жоқтығы (немесе оларды ұзақ іздеу) сізді әлсіретіп, сіздің істеріңізді әрі қарай жалғастыруға уәждемеңізді жоғалттыруы мүмкін. Сондықтан, жаңа күнге кешке дайындалыңыз. Оятқышқа қуаттандыратын өлең қойыңыз, киімдеріңізді дайындап қойыңыз, төсектін жанына бір стақан су қойып койыңыз және т.б. Бастысы ұйықтар алдында, ертең не үшін ояну керектігін есіңе түсіріңіз.

Ал енді барлығын қорытындылайтын болсақ:
· Біріншіден, өзіңізді барлық сыртқы нәрселерден ажыратыңыз. Сіздің кешіңіз - тек сіздің уақытыңыз.
· Біраз уақыт жағымды жерде демалыңыз. Кем дегенде 10 минут жалғыз болыңыз.
· Өзіңізге ұнайтын нәрсемен айналысыңыз - хобби немесе шығармашылық жоба болсын.
· Кері байланыс орнатуға уақыт бөліңіз. Күніңізді талдаңыз.
· Кітап оқыңыз. Бұл стрессті жеңілдетуге көмектеседі.
· Ертеңге дайындалыңыз. Өзіңізді оятуға және нәтижелі таңға итермелеңіз.
Осы айтылғандардың бәрі сізге жақсы демалып, жаңа күнді жаңа күшпен бастауыңызға көмекші болады.