«Ұлы даланың ұлы ақыны - Абай!»

«Ұлы даланың ұлы ақыны - Абай!»
жеке
блог
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Тарих ,археология және этнология факультетінің "Кітапхана ісі" мамандығының 2- курс студенттері өздеріне ағылшын тілінен сабақ беретін аға - оқытушы Алиярова Лаура Мадибекқызымен  «Ұлы даланың ұлы ақыны - Абай!» атты іс - шара өткізді. Шара барысында студенттер бірнеше бөлім арқылы қазағымыздың дара тұлғасының елеулі еңбектерімен , ғибратты ғұмырымен таныс болды. Ақыпбаев Нұрсұлтан мен Даутанова Рысгүл кешті жүргізуді қолдарына алса , Абулкаримова Айна,Әліп Тоғжан,Әбдірәлі Сымбат,Бесетаева Ақжан ақын өмірбаянына баяндама оқып, бейнежазбаны қорғады. Сондай - ақ, дара тұлға жайлы "Абай жолынан" үзінді сахналық көрінісін  Алтинбеков Қанат,Алқамбай Аяулым ,Айтқазина Жаңылсын  керемет ойнаса , Абай атамызға  арнаған жүрек жарды жыр шумақтарымен Алтинбеков Қанат,Ақыпбаев Нұрсұлтан ,Абулкаримова  Айна ортаға салып, шабыттана жырлады. Ағылшын тіліне қызығушылығы жоғары Әжібекова Зарина атты студентіміз Абай жайлы қорытынды баяндамасын ,өзек жарды ойын ағылшын тілінде оқып берді. Шара соңында Алиярова Лаура Мадибекқызы қорытынды сөз сөйлеп, жастардың патриоттық тәрбиені саналарына жақсы сіңірген, ел ертегін ойлар азаматтар мен азаматшалар болыңдар деп жүрекжарды тілегін арнады. Алиярова Лаура ұстазымыз бізге әр сабағын қызықты етіп өткізікіп, кейде өмірде көрген кейбір оқиғаларын бізге сабақ болсын деп, жақсы жаққа қарай жүрсін деген оймен өз ақылын айтып отырады. Осындай білімді ұстаздар мен өнерлі жастардың ертеңі анық, ел болашағына қосар үлесі айқын болмақ. Біздің ,Қазақ елінің ертеңгі арманы туы биік, тұтқасы мықты, бірлігі жарасқан ел болу. Ал, бұл арман айқын мақсаттармен әсте жүзеге асады.
Даутанова Рысгүл.
Тарих,археология және этнология факультетінің 2 курс студенті.