Екінші Аристотель – музыкант

Әбу Насыр Әл-Фараби  толық аты : Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби  (870Отырар қаласы — 950СирияШам) — ұлы ғалым, ойшыл философ, математик,  астролог,  музыка теоретигі.Ұлы ғалым Отырар медресесінде,  Шаш,  Самарқан,  Бұхара,  кейін ХарранМысыр,  Халеб (Алеппо),  Бағдат шаһарларында білім алған. Жан-жақты болып өскен ғалым көптеген ғылыми еңбектер мен астрономия; матемаматика сонымен қатар медицинағада үлкен үлес қосқан.  Философтың бұдан басқа да ерек қыры – музыка.

            Әбу Насыр әл-Фараби (870—950) ежелгі Отырар қаласында дүниеге келген.  Ол кісі артынан көптеген еңбектер жазып қалдырды. Әл- Фараби музыканың теориясы мен тарихы жөніндегі зерттеулерінде көптеген ғалымдардан асып түсті. Философтың  «Китаб әл-мусики әл-кабир» («Музыканың ұлы кітабы») деп аталатын еңбегі жарық көргеннен кейін оны дүние жүзінің барша ғалымдары Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деп таныды.

            Әл-Фарабидің музыкалық аспаптар жөніндегі еңбектерінің маңызды  болатын себебі, ол өз кезеңіндегі музыкалық аспаптарды зерттегендігінде еді. Олар: үрлеп тартылатын: най, сыбызғықыпшақ; ішекті уд, чанг, рубаб, шахруд, дутар, қобыз, танбур, канун; ұрып ойналатын: нагора, тыйбл, дойра және басқада аспаптарды зерттеді. Әл-Фараби көне музыкалық аспаптардың шығу тегін табиғат дауысына балап соны қайта жаңғыртумен байланыстырады. Мысалы құмның сусылы, үңгірлерде желдің уілдеп соғуы, қамыстың сыбдыры т. б. Қазақтың үскірік аспабының аталуы желдің үскіріп соғуына байланысты туған. Ал, ұрып ойналатын аспаптар негізінен ағаш пен көн теріні, сүйекті пайдалану негізінде дамыған. Мүйізден, қамыс сабағынан үн шығару үрлеп тартылатын аспаптардың бастамасы еді. Шығаратын үнінің ақырын немесе қатты естілуіне, сондай-ақ сыр-сипатына қарай тұрмыста түрліше дамып отырған. Үрлеп тартылатын аспаптардың ащы даусын және ұрып ойналатын аспаптардың күшті даусын ұрыстарда, аңға шыққанда, шамандардың бақсылық құру кездерінде пайдаланған. Кейбір үрлеп тартылатын және ішекті аспаптарда музыканттар құстың сайрауын, аңдардың ақыруын, табиғатта болатын басқа да түрлі дауыстарды шебер сала білген, сондай-ақ әншінің салған әнін айнытпай келтірген. 
Әл-Фараби орта ғасырларда негізінен вокальдық музыканың дамығандығын айтқан. Әншілер шертіп ойналатын және ысқышты аспаптардың ішектерін бір сарынмен даңғылдатып сүйемелдей отырып ән салған. Аспаптар қарапайым болғандықтан оларда ойнау мүмкіншіліктері де шектеулі болған, сондықтан әншінің, мың құбылттан әндерін сүйемелдеуге бұл аспаптар жарамаған. Әл-Фараби адамның, даусын ең жетілген және табиғи аспапқа балаған, басқа көне аспаптардың бәрі жетілдірілмеген деп санайды да, оларды аспаптың жасанды түрлеріне жатқызады. 
            Екінші Аристотельімізге  биыл 1150  жыл толуына орай елімізде бірқатар істер мен қатар 2020жылы Әл-Фараби жылы болып жатыр. Осы жылы ұлы ойшылымыздың көптеген еңбектерін әлемге таныту мақсатында көптеген танымдық фильмдер түсірілмек. Сонымен қатар философтың 1050 жылдығы Қазақстан емес ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілмек. 

                                                                                                            Абай атындағы РММИ

                                                                                                            Сәбит Айдана Айтбекқызы

                                                                                                                      10-СЫНЫП

                                                                     



Бөлісу: