Дарындықтар жаңа жылды қалай қарсы алды?

Дарындықтар жаңа жылды қалай қарсы алды?
жеке
блог

Алматы қаласы, Медеу ауданы, митин 6 желек жолында орналасқан Абай атындағы РММИ-де жаңа жыл дарындықтар үшін жоғары деңгейде өткізілді.

Айта кетсек мектеп-интернат директоры Сексенова Роза Ербозымқызы 23 желтоқсан күні 10-сыныптар арасында өткізілген жаңа жыл кешінде, мектептің "Үздік оқушы 2019" номинациясымен оқушыларды марапаттады. "Үздік оқушы 2019" номинациясы:

10 "А" Шалқар Досмахан

10 "Ә" Базарбаев Санжар

10 "Б" Кенжебаев Жалғас

10 "В" Дәуренбек Абылай

10 "Г" Қарақойшиева Мадинаға берілді.

Аталған оқушылар мектепішілік жарыстардың түрлі дәрежелі орындардың иегерлері, мектеп белсенділері екені аталып өтті.

Марапаттаудан кейін би кеші басталып, ұзақ оқудан зеріккен оқушылар бір сергіп қалды. Оларды күтпеген тосын сый таңқалдырды. Мектеп президенті Садыров Елдияр мен ұлдар жетекшісі Қали Науан жетекшілік еткен флешмоб көрініс тапты. 

Дарындықтар жаңа 2020 жылды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, ұстаздарын құттықтап кеш соңын мәресіне жеткізді. 

  • Бұл кеш оқушыларға үлкен қуаныш сыйлады деп сенемін. Барлығын жаңа жылмен құттықтай отырып, келер 2020 жылы дарындықтарды түрлі жетістіктер мен іс-шаралар күтіп тұр! -деп, сөзін аяқтады мектеп президенті Садыров Елдияр.                                        
  •                     Бекболатова Аделина Абай атындағы РММИ.   10"А" сынып оқушысы