Илья Ильин Ташкенттегі чемпионатта алтын жүлдеге ие болды

Илья Ильин Ташкенттегі чемпионатта алтын жүлдеге ие болды
жеке
блог

    Қазақстандық 31 жасар ауыр атлет Илья Ильин Ташкентте өткен халықаралық чемпионатта 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Қоссайыс нәтижесі бойынша 355 келіні бағындыра білген зілтемірші бірінші орынға суырылып бірақ шықты. Екінші орынға Ильядан 2 келіге ғана төмен көтерген (353 келі) катарлық Фарес Ельбах жайғасты. Үшінші орынға Өзбекстандық Умарбек Шохназаров табан тіреді. 

    Еске сала кетерлік жайт, Илья Ильин допинг дауына байланысты 2008 және 2012 жылғы Олимпиада алтындарынан айырылып, екі жылға спорттан шеттетілген болатын.  

   Айта кетейік, қазақстандық ауыр атлет әлемнің төрт дүркін чемпионы. Ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасында өзін тағы бір мәрте дәлелдей алады. Ендеше, Ильяға тек қана жеңіс пен табысты күндер тілейміз! Алға, Илья!

  Мақала авторы: Аяулым Джанат