Алғашқы блогым!

    Барлықтарыңызға сәлем massaget  сайтының оқырмандары!Менің есімім- Бағнұр.Қазір 10-шы сынып оқушысымын.Мен бүгін бұл сайтқа алғаш блог жазудамын.Көптен бері бұл сайт туралы көп жерлерден естіпте,көріпте жүргем.Кейін осында өзіммен қатар балалардың блогтарын оқып жүріп маған бірден "Менде неге жазбасқа?"деген ой келді.Міне,бүгін сол істі қолға алып бүгін алғашқы блогымды салып отырмын.    Өздеріңіз білетіндей мен болашақ бітіруші түлекпін.Алла қаласа 11-шы сыныпты бітіріп Журналистика мамандығына түсуді армандаймын.Мен соған орай өз мақалаларымды осы сайтқа жазуды жөн санадым.Себебі,бұл сайттың маған көп көмегі тиетініне сенемін!Мені интернет желісінде әр адам өз ойымен бөлісе алатын осындай кермет сайт бары ерекше қуантады.Алдағы уақытта өз мақалаларымды,ой-толғаныстарымды,өлеңдерімді сіздермен бірге бөлісетін боламын.Бұл блогымның соңында massaget сайтына алғымды білдіргім келеді.Сіздермен бірге әлі талай мақала жазуды мақсат етемін!


Бөлісу: