Негізгі / Дубай сапары: қалай бардық, не көрдік, қанша ақша кетті?
Дубай сапары: қалай бардық, не көрдік, қанша ақша кетті?

Армысыздар, достар! Біз жақында Дубайға барып келдік. Бүгін сіздерге сол сапарымыздың қалай өткенін айтып бермекпіз. Шыны керек, баратын шетелді таңдағанда ұзақ ойландық. Себебі, біз жақсы демалыспен қатар, таным көкжиегімізді кеңейтіп, өмірге деген құштарлығымызды күшейтуді көздеген едік. Бірнеше нұсқаны қарастырып, ақшасын есептегеннен кейін, достарымыздың кеңесі бойынша Дубайға баруды ұйғардық.

Дубай десе, көп адам көз алдына шалқыған өмірді, мұнайды елестетеді. Бұл қаланың қарқынды дамуына алғаш кезде мұнайдың көмектескені шын. Бірақ мұндағы үкімет бизнесті қолдап, қаржы айналымдары мен саудаға қатысты дұрыс саясат жүргізіп, географиялық жағдайды тиімді пайдаланып, туризмді дамытуды қолға алмаса, мұнайдан түскен ақша құмға сіңген судай болар еді. Бүгінде Дубай шаһары Таяу Шығыстың аса маңызды қаржы, сауда және туризм орталығы саналады.

Біз Дубайға қалай жеттік, қанша уақыт болдық, қандай турларға қатыстық, қанша ақша құрттық деген сұрақтарға жауап алғыңыз келсе, видеоблогымызды көріңіз!