Сіздің уақытыңыз..

Сіздің уақытыңыз..
жеке
блог

Уақыт!
Сіз осы сөйлемді оқып отырғанда 1 минутыңызды жоғалтасыз. Сіздің 1 минутыңыз менің сөзімді тыңдауға кетті. Байқамаған боларсыз бірақ? уақытыңыз қайтадан оралмайды. Былайша айтқанда мен сіздің 1 минут уақытыңзды алдым. Одан маған және сізге пайда қандай?
Сіз сол 1 минутты үндемей отырып өткізе аласыз, немесе көзіңізді жұмып өткізе аласыз болмаса тағы басқа. Ал уақыт өтеді. Ол сіздің еркіңізге бағынбайтыны анық.
Яғни біз уақытты тоқтатып қалпына келтіре алмаймыз. Ол сырғып жатыр. Бізге енді қайтпек керек?
Елестетіңіз: сізге бір құбырдан су үздіксіз ағып жатыр. Екпіні қатты, тоқтататын краны жоқ. Қашан тоқтайтынын білмейсіз. Сіздің әрекетіңіз қандай? Мысалы мен қолымдағы,жанымдағы ыдыстарды, көзге көрінетін ыдыстардың бәрін толтырып алар едім. Өзім қанғанымша ішіп, жуынып бәрібір жүріп жатырғой далаға кеткенше қолданып қалайын деген оймен қимылдар едім. Сіз ше? Мен секілді ме?
Уақыт деген дүние де сондай. Адамның өмірдегі уақытын кері қарай санайтын таймерде "пауза" батырмасы жоқ. Және сандарын да көре алмайсыз. Тек дауысын естисіз. Ол жүріп жатыр. Қайдан дейсіз бе? Жер бетіндегі барлық сағаттың тырсылынан. Тырс. Тырс. Тырс...
Сайып келгенде бізде 1 ғана амал қалды. Ол уақытымызды текке кетірмеу. Әрбір минутыңызды пайдалы іске жұмсау. Кітап оқыңыз, қызықты ақпараттармен танысыңыз, физикалық жұмыстар жасаңыз, жақындарыңызға көмектесіңіз, көңіл көтеріңіз, тіпті болмаса әлеуметтік желіге кіріп пайдалы дүниелер қараңыз. Уақытыңызды пайдалы іске жұмсасаңыз, сол дүние басқа қиын уақыттарда сізге пайдасын тигізуі мүмкін. Және қарама-қарсы. Түсіндіңіз бе?
Айтпақшы сіз осыны оқып отырып 5 минутқа жуық уақытыңызды жойдыңыз. Ал сол уақыт сіздің пайдаңызға кетті ме? Пікір қалдырыңыз!

Рахат Қалиев