Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ҚазҰУ-ға сапары

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ҚазҰУ-ға сапары
жеке
блог

Еліміздің барлық білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандардың ордасы, ерекше мәртебелі білім мен ғылымның инновациялық дамытудың көшбасшысы болған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті елбасымыздың «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері атанған. Мемлекет басшысы осы жолғы сапары барсында ҚазҰУ жетістіктерімен танысты. ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов  Мемлекет басшысына университетінің ғылыми, білім беру және инновациялық қызметі жетістіктері жайлы егжей-тегжейлі баяндап берді. ҚазҰУ әлемдік деңгейгеді зерттеу университетіне айналуы үшін кешенді түрде құрылымдық жаңғырту жүргізілді, факультеттер құрылып, қызметкерлердің жетістіктерімен нәтижелерін рейтингтік бағалауға бағдарланған процестерді бағалау жүйесі енгізілді. 2011 жылдан бастап ҚазҰУ «QS WUR» беделді және мойындалған рейтингісінде 400-ден астам позицияға көтеріліп, биыл әлемдегі ең жақсы университеттер арасында 20-орын алды.

Мемлекет басшысына ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу университетіне айналуының маңызды құрамдас бөлігі барлық бизнес-процестерді цифрлық форматқа көшіру екенін айтты. Бұл технологияларды іс-әрекеттерді автоматтандыруда енгізу, кампус инфрақұрылымын басқаруда смарт-технологиялар, аналитикалық жүйені қалыптастыруда Big Data технологиялары, IT-сервистердің дамуы университетті жаңа сандық деңгейге шығарды. ҚазҰУ-ді цифрландыру тәжірибесі шетелдік және еліміздегі университеттерде белсенді қолданылуда.

 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы студенттік қалашық аумағындағы  «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығымен танысты. Бұл орталық «бір терезе» қағидаты негізінде студенттер мен оқытушыларға 500-ден астам түрлі білім беру, әлеуметтік, мәдени және демалыс қызметтерін ұсынады, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек және медициналық диагностика. Мұнда Мемлекет басшысы  студенттермен кездесіп, әңгімелесті. 2011 жылдан бастап ҚазҰУ «QS WUR» беделді және мойындалған рейтингісінде 400-ден астам позицияға көтеріліп, биыл әлемдегі ең жақсы университеттер арасында 20-орын алды. Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті осылай шәкірттерін біліммен сусындатып, әлемдегі  бәсекеге қабілетті ең үздік университеттердің қатарынан  түспей, биік белестерді бағындыра бергей !                                                        

 

                                                                                       Жетекші: Мәмбетова М.Қ.

                                                                                     Магистрант: Аухымбай Ә.А.