2019 жыл қорытындысы. (эстафета)

2019 жыл қорытындысы. (эстафета)
жеке
блог

Жер өзімен-өзі, бізге білдірмей айналып жатыр. Санаулы күндерден кейін 21 ғасырдың екінші он жылдыға да аяқталады. Осы уақыт ішінде бәрі өзгеріске ұшырады. Әр жылы әр адам өзімізге келер жылдан үміт күтеміз деп айтудан кенде емеспіз. Бірақ күту аздық ететінін бәріміз біле бермейміз. Келер жылдағы армандарыңыз орындалу үшін үмітіңізге, мақсатыңызға негізделген екі есе көп әрекет қажет. Жаңа жыл алдында сіздерге тілейтінім: мақсаттарыңызға өз күшіңізбен шынайы ұмтылып, Аллаһтың қалауымен оған жетіп, өзіңіз ойлағаннан да биік белестерге шығыңыздар!
Ал мен түрлі сенсацияларға толы болған "Жастар жылының" қорытындылайын:

 Жыл цитатасы: "Ешкімді жаман екен деп ойлама, ең жаман деген адамның да жақсылығы болады". Бұл нақыл сөзді мен кітаптан оқы ғанмын. Ал кітаптың атымен және ондағы басқа да материалдармен алдағы уақытта бөлісетін боламын!

Осы жылда ашылған қызығушылық: Кітап оқу және әр түрлі форматтағы мәтіндер жазу.(пост,шығарма,рецензия, т.б)

Орындалған арман: Менің армандарым әлі орындалған жоқ. Бірақ, арманыма жететін кейбір детальдар ақырын орындалуда. Соған қуанамын.

Өзіндік рухани жаңалық: Өзімдікі дұрыс екенін біле тұра, мені 1-2 сөзден түсінбеген адамға оны дәлелдеуге тырыспау.

Үздік әнші: Қуандық Рахым, Ернар Айдар, Максим Ержан. (Олардың қандай жетістіктерге жеткенін бәріңіз білесіздер).

Үздік фильм: "Томирис" фильмі. Оған айтатын сын әлі табылмады.

Үздік сериал: Сериал көруге уақыт таба алмаймын. Қарауға көп ниетім де жоқ!

Үздік әртіс: Нұрлан Қоянбаев. (Өз ойымша солай).

Үздік кітап: Қуаныш Шонбай "Qupia" (Құпия) кітабы! Өмірдегі сұрақтарға дәл жауап беретін ерекше басылым!

Ең керемет күн: Өзіме қымбат бір адамның туған күні!

Үздік кеш: Достарымызбен ұйымдастырған алғашқы облыстық жобадан кейінгі отырыс.

Жыл әсері: Өзімді кейбір адамдарға керек екенімді түсіндім. Алайда өзіме әлі нақты не керек екенін түсіне алмай, ізденіс үстіне жүрмін.

Ең керемет адам: Менің айналамда жаман адам жоқ!

Жыл сыйлығы: Досымның өте бағалы кітапты сыйлауы. Ал келер жылдан күтетін сыйлығым-ноутбук.

Керемет жаңалық: Туған бауырларымның жетістіктері. Оларды, біздің әулеттің балаларын мақтайтын адамдар көбейіп жатыр дегені. (Тіл көзден аман болайық).

Мінекей, Әсел Асанова ханымның жолдаған эстафетасындағы бөлімдерге барымша жауап бердім. Ал қалдырып кеткен бөлімдерге жазуға лайықты, ауыз толтыратындай оқиға өмірімде болмады! Ал жалған жазу ешкімге пайда әпермейді.
Келер жылдарыңыз берекеге толы болсын. Аман сау болайық!

Эстафета кезегін осыны оқып отырған кез-келген Massaget.kz блогерлеріне жолдаймын.