ҚазҰУ - талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен

ҚазҰУ - талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен
жеке
блог

ҚазҰУ – талантты,дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен

       Білім мен бақыт, бірлік пен достық ордасы болып саналатын қазақтың қара шаңырағы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Жер шарындағы жоғарғы оқу орындарына көз жүгіртіп қарасақ, АҚШ-тың Гарвард,  Еуропаның  ең беделді жоғары оқу орындарының бірі Кэмбридж, Англияның атақты Бристолі, Францияның Сарбонасы болса, мен Қазақстандағы шоқтығы биік білім ордасы деп Қазақ Ұлттық университетін мақтан тұтамын.  Бұл білім ордасы жылдан жылға өз өрісін кеңейтіп, ұлғайып, елімізге білімді әрі жаңа заман мамандарын даярлап, еліміздің еңселі болуына үлесін қосып жатқанына биыл 85 жыл толып жатқан оқу орны.                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

    Алғаш рет Қазақстандық  университет – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 220 орынға ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық  рейтингісінде тағы 16 орынға ие болып, алға шықты. Айта кетерлігі, бұл топқа ТМД елдерінен екі ЖОО – Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана кірді. Осылайша, жетекші Қазақстандық университет Орталық Азия мен ТМД-дағы теңдессіз көшбасшылығын тағы да дәлелдеді. 

    Міне, осындай ауыз толтырып айтатындай жетістіктеріне куә бола отырып, қалай бұл университетті таңдамасқа? Қалай десек де, Қазақ Ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультеті, Жалпы тіл білімі және Еуропа тілдері кафедрасымен мақтан етеміз. Факультетіміздің студенттерінің де өмірі қызықтылығымен әрі алуандығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында жастар ұйфмдары комитеті жұмыс істейді. Қазіргі уақытта университеттегі, факультеттегі барлық мерекелік іс-шаралар  тікелей аталған жастардың қатысуымен өтеді. Ғылыммен айналысқысы келетін студенттер үшін де дәстүрлі түрде «Ғылым әлемі» сияқты конференция, форумдар ұйымдастырылып тұрады. Бұл дегеніміз, факультетіміздің студенттік өмірі қызыққа толы қайнап тұрған бұлақ секілді. 

    Сөзімізді қорытындылай келе, біріміз ұстаз ретінде, біріміз тәлімгер ретінде өзіміздің қара шаңырағымызбен мақтанамыз және де осы шаңырақта сабақ берген Гүлмира Баянжанқызы бастаған ұстаздардан тәлім алып, әрі жұмыс жасап жүргеніміз жігерлендіреді. Әлемдік дәрежедегі білім мен спорт сайыстарында топ жарып жүрген ҚазҰУ-дың болашағы тек жарқын, алар белестері алда деп сенеміз! Алға, ҚазҰУ!

Ибраева Жанар Кулматовна,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Филология және әлем тілдері факультетінің оқытушысы, профессор

Құрманбек Еркежан

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 

Филология және әлем тілдері факультетінің 

Лингвистика мамандығының 2-ші курс магистратура студенті