Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мамандықтың бәрі жақсы- Тіс дәрігері

Мамандықтың бәрі жақсы- Тіс дәрігері

Мамандықтың бәрі жақсы- Тіс дәрігері

Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек.Дәрігер болуды арман ететіндер өте көп. Алайда, екінің бірі дәрігер бола алмасы анық. Ол үшін дәрігерлік қызметке деген қызығушылық пен мамандық алу ғана жеткіліксіз. Сондай-ақ, олардың адам өміріне жауапкершілігі, құлшынысы мен адалдығы, адамдығы маңызды. Дәрігер болатын жанға үлкен жүрек керектігі, ақ халатты кір шалдырмау керектігі де бекер айтылмаса керек. Қанша сын айтылса да, халық дәрігерлер қауымын ерекше құрмет тұтатыны ақиқат.

 Жақында ғана Ақтауда тіс дәрігері тісі ауырып келген баланы тыныштандыра алмай оны жұлқылап, дəрігерлік этикаға сай емес мінез танытқанын көрген болатынбыз.Мейірбикенің көмегімен креслоға күштеп жатқызып, тіпті зорлық сипатта десек те артық болмас, аузын ашып қарауға əрекеттенген тіс дəрігерінің қылығын халық қанша қаласада ақтай алмағанын барлығымызға мәлім.Əлеуметтік желіге тарап, айдай əлемге аян болған оқиға халықтың ашу-ызасын тудырса, сонымен қатар,дəрігерлердің атына кір келтіргені анық. Алайда, өз қателігін ұғынған дəрігер көп ұзамай халыққа видеоүндеу жолдап, баланың анасынан жəне өз əрекетін сынға алған барша қазақстандықтардан кешірім сұрағанымен, бұл үндеуі де оны ақтап алуға көмектесе алмады.

 Тісі ауырып мазасызданған ұлын тіс дəрігеріне апарған көп балалы ана бейнежазбаны қолға түсіріп, оқиғаға қатысты құқыққорғау орындарына арыз жазады.Осыдан соң шулы оқиғаға қатысты дау туды.

 Өз қызметін адал атқармаған дəрігердің əрі қарай қызметін жалғастыруына жол берілмейтіндігін айтқан Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығының директоры Қуат Машырықов осы оқиғада:

– Дəрігер өте білімді. Жас дəрігер. Мінезі шапшаң, өте шыншыл жігіт екенін де ұмыт қалдырмайды. 

 Әрине,елімізде мұндай дəрігерлерге қатысты ыңғайсыз, тіпті сорақы қылықтардың орын алуы өкінішті. Даулы мəселелерде дəрігерлер ақталып əбігер болса, халық ашу-ызасын ақтарып əлек. Адам тағдырына араша болып, өлім мен өмір арасында арпалысуы тиіс дəрігерлердің сенімнен айырылуы да оңай нәрсе емес. 

 Бұл мақалада дәрігерлерге орынсыз жала жауып, маман екендігіне сөз келтіру емес. Көп жағдайда, дәрігерлердің өзінен екенін айта кету. Әйтпесе оларға  тиісіп, негізсіз арызданып, ұрынарға қара таппай жүрген ешкім жоқ. «Басы ауырып, балтыры сыздамаса» да арнайы ауруханаға барып, дəрігерді аңдып, «тырнақтың астынан кір іздеп» тиісіп жүрген жан туралы мен естімеппін.Қиындыққа душар болғанды адами тұрғыда аяп, шын тілектес болумен бірге, бүгін басқаның басында орын алған жағдай күні ертең- ақ өз отбасында қайталануы  мүмкін екенін ескерген халықтың шыр-пыр болуы орынды. Шындық ащы болады, тіс дәрігерінің отбасының басым бөлігі осы салада болсада олар қандай видеоүндеумен ақталсада,таспаға тартылып қалған бейнежазбалар оларға бұлтармақ түгілі, бұлқынуға мұрша берер емес. Осы жерде күмəнді ой тудыратыны жарыққа шықпай қалған, əртүрлі себептермен тасада қалдырылған бейнежазбалар қаншама екен... Халықтың реніші тектен тек емес.Əйтеуір, ел арасында дəрігерлерге қатысты құрғақ реніш қана емес, адам өліміне немесе мүгедектігіне апарып соқтырған қайғылы жағдайлар туралы аз айтылмайды. Бұл туралы айтылып та, жазылып та жүр.

 Дәрігерлердің барлығына бірдей  мұндай ренішімізді айтудан аулақпыз, өз мамандығына адал, адамгершілігі мол дәрігерлердің де бар екенін жоққа шығару мүмкін емес.Дегенмен кейбір әріптестері "дәрігер" деген атағына дақ тигізіп жатқандай.

 Мамандықтың бəрі жақсы, бірақ дəрігерліктің орны бөлек. Бұл əрі күрделі, əрі қастерлі мамандық. Дəрігер өзін мамандығына лайықты ұстаса, оған құрмет пен халықтың ықылас- сенімі өздігінен-ақ оралады. Оны жоғалтып алған немесе тіпті, бойында ақ халаттыға лайықты қасиеттер мен қызығушылық болмаған, тек диплом алумен дəрігер атанған дəрігер тек өзіне өкпелеуге тиісті.


1
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 17 желтоқсан 2019, 16:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->