Көз көруінің нашарлауы

Көз көруінің нашарлауы
жеке
блог

 Естіген құлақтан,көрген көз артық демекші. Көру мүшесі - біздің көзіміз. Сондықтан  көз адамның  ең маңызды дене мүшесі болып саналады. Көз адамның айнасы,маңдайындағы жұлдызы болғандықтан оны қорғай білу керек. Көзіміздің көруі нашарласа да көз дәрігеріне баруға  уақыт таппаймыз. Сол себепті өзімізге салғырт қарамай айына бір рет болсын көзіңізді  тексеріп отырғаныңыз жөн. Көз сізге мол білім мен жан-жағыңызды танып білуіңізге көмектеседі, сондықтанда көз жанарын әрқашан күту керек. Бүгінде Қазақстанда алыстан және жақынан көру қабілеті нашар көзілдірік тағатын, линзаға тәуелді жастарды көптеп кездестіреміз.

Жаңа технологияның қарыштап даму салдарынан көзге түрлі салмақ түсіп адамдардың көру қабілеті нашарлап келеді.Одан бөлек экологиялық қоршаған орта, жеке бастың гигиенасын сақтамау көз жанарына кері әсер етеді. Науқастардың көбі көз дәрігеріне дер кезінде көрінбей өз бетінше көз дәрілерін тамызып жүре береді. Салдарынан ауруы асқынып кетеді. Ал статистикаға жүгінсек Қазақстанда дәріханаларға келушілердің 83.2%көзге арналған дәрі алады екен. Жалпы, көздің көру қабілетіне ең біріншіден  генетика жауап береді. Дегенмен алыстан, жақынан көзі нашар көретін адам бұл кемшілігін арғы атасынан "жұқтырмайды". 90 пайзы адамдардың көру қасиеті өмір бойы төмендеп отырады. Мәселен,оқушылардың  көз алмасы  өскен сайын нашарлайды, ал ересектерде көзіне  көп салмақ  салғаннан және жүйкесіне әсер ететін жұмыстан. Көздің нашар көруін миопия диді.Миопия - яғни алыстан көрмеушілік. Қазіргі таңда бұл ауру түрі кең тараған оған себеп көп.Мысалы адамдардың көпшілігі гаджеттермен,смартфондармен жұмыс жасайды.Сағаттап компьютерде отырады.Тіпті кішкентай балаларға дейін заманауи техникаға үиір болады.Заманауи техниканың дамуынан бір және екі жастағы балалар арасында көздің қылилануы көбейіп бара жатыр.Балалардың көру қабілеті  ата-аналарғатікелей байланысты. Балалары ұзақ уақыт компьютер мен теледидарды пайдаланбауын қадағалау қажет. Шамадан тыс пайдаланған кезде қанайналымы,көзінің бұлшық еттері бұзылады. Жалпы алыстан көрмейтін адамдар көздің көруі нашарлағанда арнайы дәрігердің  кеңесіне жүгініп дереу көзілдірік таққан дұрыс  көзілдірікті дер кезінде тағу оны таңдап алу көздің бір қалыпты  көруіне,көмектеседі. Бұл қатарда жанаспалы линзада бар. Дегенмен оның талаптарын дұрыс қолданбаған жағдайда жанаспалы линза көзге кері әсерін тигізетінін ұмытпаңыз. Отандық медицинада көз ауруларын емдеуде ілгерілеу бар. Бұрын науқастар күрделі операция жасату үшін шетел асатын болса қазір мұндай мүмкіндік өзімізде де бар.Атырау обылыстық офтомология ауруханасына жылына 3мыңнан астам адам қаралады екен . Жылына мыңнан астам адамның көзіне ота жасалады.Сондайақ орталықта 16дәрігер қызмет етеді. Оның алтауы жоғары санатты мамандар.Аурухана 60орынға лайықтанған оның 15 балаларға 45 ересектерге арналған. 

Қазіргі таңда  миопияны жоюға арналған   лазерлық ота жасату өте тиімді. Көздің көруін лазермен түзету – ол қазіргі офтальмологиядағы озық бағыт. Лазерлік ота 20 жаспен 40 жас аралығында жасалады. Лазерлік ота жасатудың еш зияны жоқ.Лазерлі ота  бүгінгі күні миллиондаған адамдарға әр-түрлі көз ауруын түзетуге  мүмкіндік береді. Сәйкесінше бұрын соңды киген көзілдірік пен линзаларыңыз қажет етпейсіз. 

   Көздің дұрыс  көруінің алдын алу талаптарын білгеніңіз жөн.

1.Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу керек.

2.Жұмыс орындағы жарықты реттеп отыру.

3. Кітап оқығанда немесе іс тіккенде көзден 30-35см қашықтықта ұстау.

4.Теледидарды ұзақ қарамау,2,5-3м қашықтықта көру.

5. Темекі тартпау ішімдік ішпеу жатады.

Соңғы кезде көзі нашар көріп, көзілдірікті сенімді серігіне айналдырғандар өте көп. Сол көзілдірікті айнымас серігі еткен жандарға шағын сауалнама жүргізіп өтсек.

  1. Көзілдірікке қанша жасыңыздан бастап тәуелді бола бастадыңыз?

<<Студент 18-жас: Мен шамамен 10 жасымнан бастап көзілдірікке тәуелді бола бастадым. Ол кезде көзімнің көру деңгейі аз болды, бірақ уақыт өте келе көзімнің көруі ұлғая түсті.

Қателеспесем 4сынып оқып жүргенде таға бастадым. Сол кезден бері осы көзілдірікке тәуелдімін.

<<Қызметкер 50-жас: Мен бала кезімнен бастап көзім көрмейді.Диагноз миопия .Есие келе көзім -3тен 7ге көтерілді.Қазір -12

<<Студент 18-жас:  10 сыныптан бері көзілдірік кидім.Көзілдірік кей жағдайларда кедергі жасағандықтан қазір көбінесе жанаспалы линза тағамын.

  1. Көздің нашар көруіне генетикалық тұқым қуалаудың қатысы бар деп ойлайсыз ба?

<<Студент 20-жас:Көздің нашар көруіне тұқым қуалаудың қатысы бар деп айта алмаймын. Өйткені менің ата анамның да, бауырларымның да көздері 100пайыз өте жақсы көреді.

<<Студент 18-жас:Көздің көрмеуі тұқым қуалайды деп ойлаймын. Себебі менің анам кішкентай кезінен шамамен менің жасымнан бері көзілдірік тағады.

  1. Осы көзілдірікті дер кезінде тағу көздің бір қалыпты келуіне көмектеседі дейді. Осы рас па әлде қалай. Өз ойыңызбен бөліссеңіз.

<<Қызметкер 25-жас: Көзілдірікті дер кезінде тағу өз басыма мүлдем көмектеспеді. Бірақ айналамдағы адамдардан естіп жатамын оларға өте жақсы көмекескен.

<<Студент_21жас:Менің көзілдірік таққаныма 9жылдай болып қалды. Осы уақыттан бері көзімнің көру деңгейге жоғарыламаса, азайған жоқ.

4. Қазіргі таңда шыққан лазерлық отта туралы ойыңыз?

<<Студент 18-жас:  Иә естігенмін. Оны жасату ойымда бар. Көзі

нашар көретін адамдар да соның арқасында оң нәтиже шығып

жатырғанын көргенмін.

<<Қызметкер40-жас:Менім қызым жасы1 4те оған 4 жасында

миопия деген диагноз қойылған. Оған ота жасатты ққазір

нәтиже жақсы. 

<<Қызметкер24-жас:Өте жақсы пайдасы көп. Бұрын соңды

линзалар мен көзілдіріктерімді енді тақпайтын болдым.

Ауырып емі здегенше ауырмайтын жол ізде дегендей көзіміздің дұрыс көруін қадағалап дәрігерлердің көмегіне жүгінгеніңіз жөн.

 

Сембаева Динара

Халел Досмұхамедов атындағы АтМУ,

Журналистика кафедрасының 2- курс студенті