Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мұзды ерітуге ешқашан кеш емес

Мұзды ерітуге ешқашан кеш емес

Мұзды ерітуге ешқашан кеш емес

Өмір - адамзатқа берілген ең бағалы сыйлықтардың бірі. Қамшының сабындай қысқа ғұмырымызда біз көп нәрсенің мәніне жете бермейміз, бізге тағдырдың өзі дайындаған таптырмас мүмкіндіктер мен керемет тосын сыйларды елемей өтіп кетіп жатқан кездеріміз қаншама?!

Мүмкіндіктерді уысымыздан ұшырып алуымызға ең басты себеп- ол біздің қорқынышымыз. Дәлірек айтқанда сыртқы ортадан , өзгенің ойларынан сескенуіміз. Өзімізге деген сенімділікті ең төменге түсіріп алуымызда.

Осы секілді жаман қасиеттеріміз , миымыздағы шектеулеріміз бізді қорқытып, қоршаған әлемімізден тысқары алып кетеді. Түймедей нәрседен түйедей түйіткілді шығарып алып, ойымызбен жасаған былыққа өзіміз белшемізден батып отыратынымыз тағы бар.

Көп жағдайда осы және өзгеде адам жанына қаяу салатын проблемалар депрессия деген дертке шалдығуға итермелейді. Депрессия қазақтың сөзі емес. Десек те, қазір қазаққа тән ауру болып тұр. Біздің түсінігімізде ол — жанның күйзелуі, қайғыға салыну, әлденеге қамығу… Қазақстан «депрессияға ұшыраған» елдер арасында алдыңғы қатарда тұр деседі. Ал осы жан күйзелісінің ең соңғы «нүктесі» — адамдардың өз өзіне қол салып өлуі. Соның ішінде жасөспірімдердің арасындағы суицидтің көптігінен , өкінішке қарай, көштің басында кетіп бара жатырмыз. Бұлай кете берсек, қайда барып тоқтарымыз белгісіз.

Бейбіт те тәуелсіз елде тұрған күннің өзінде жастардың өзіне қол салуы не үшін өршіп тұрғаны беймәлім . Жұмыр басты пенде болған соң тірлікте түрлі қиын жағдай болатыны, сол қиын жағдайларға жаның күйіп, көкірегің шерге толатын кездерің болады. Буыны қатпаған жас баладан шау тартқан кәріге дейінгілердің арасында әлденеге өкпелі болып жүретіндер көп. Олардың дені — бұйығып, өз сырын өзімен ғана бөлісетіндер, ішіндегі жарасын жалғыз өзі жалап жазуды қалайтындар.

Жаны ауырса, жан баласына жоламай, өз өзімен оңаша қалуды әдетке айналдыратындар көп. Себебі жанының ауруын адамдар көп ретте медициналық мәселе ретінде қарамайды. Бір-екі күннен кейін өтіп кетер дейді де жүре береді. Бір-екі күн емес, бір-екі аптадан кейін өтпесе, бұл физилогиялық себебі бар ауру деген сөз. Әрине, адамды осындай күйге түсірген жағдайлар дұрысталып, тірлік өз арнасына түссе де, науқастың депрессиядан өздігінен шығуы екіталай. Оған медициналық көмек қажет. Өкінішке қарай, адамдар өздігінен психиатрдың есігін қаға бермейді. Не сенбейді, не ұялады. Жан күйзелісін басқамен бөлісуге көбінің дәті бара бермейді. Біздің менталитетіміз де сондай — «бас жарылса бөрік ішінде», үйдегі жағдайды, басымыздағы жағдайды сыртқа шығара бермейміз.

Екіншіден, ешбір адам медициналық картасына психиатрға барғаны жөнінде жазба түсіргісі келмейді, ол туралы жұмыс берушінің білмегенін қалайды. Сол себепті де көбі «жолым болмады», «жолымды ашып береді» деген сеніммен бақсы-балгерлерге баруды жөн санайды. Ал бұл өте қате қалыптасқан ой.

Осы тұрғыда әр түрлі жастағы адамдарға сауалнама жүргізіп, қазіргі ортаның бұл мәселе жөнінде ойын білген болатынбыз, соған кезек берсек:

Сауалнама:

1) Күйзеліске жиі түсіп тұрасызба?

«Студент 20- жас : Қатты жиі емес, сары уайымға салынып алатын адамдардың қатарынан емеспін, бірақ та адам болғасын қиындықтар болып тұрады, солардың кесірінен кейде стресске түсетін кездер болып тұрады.»

«Студент 18-жас : Иә, жиі болып тұрады, қазіргі ауа-райының әсерінен деп ойлаймын.»

«Оқушы 17-жас : иә , 11- сыныпқа қадам басқасын стресс , Ұбт бәрі салмақ салып кетті.»

«Қызметкер-24 жас: Психологиялық ауытқу болған емес, бірақ қатты қиналған, мұңданған сәттер менде өте көп болды, оған себеп ішкі жандүнием, жүрекке жақын қабылдаймын»

«Студент 18-жас: Мен жаңа ортаға үйрене алмағандан күйзеліске ұшырағам.»

«Оқушы 15-жас: иә, талай рет күйзелісті бастан кешірдім, бала күннен бастап әртүрлі стресстер болып тұрады, қатты қиналып тіпті өмір сүргім кемей кетеді.»

2) Күйзелісті жеңу үшін психолог көмегіне жүгініп көрдіңізбе? Барсаңыз көмегі болды ма? Бармасаңыз, не үшін бармадыңыз?

«Студент 20-жас: қатты күйзеліс болып көрмеді, барып көрмеппін.

«Студент 18-жас : жоқ, тіпті де барып көрмеппін, стресстер уақыт өте кетер деп ойлап барып жүргенім жоқ, оның үстіне өзгелерге ішкі жан дүниемді айтуға қорқамын.»

«Оқушы 17-жас: мектептегі психологтармен кездесулер болып тұрады, басқаларына жеке барып көрмеппін. Бару жөнәнде ойламаппын да..»

«Қызметкер 24-жас: жоқ бармаппын. Психологқа барса , көпшілік бірден ауырып кетіпті деп ойлап қалады, жұмысыма зиянын тигізер, оданда құрбыларыммен кеңесіп, олардан қолдау алғаным жақсырақ»

«Студент-18 жас: Жоқ бармаппын, маған ата-анам басты психологтарым, соларға айтамын олар маған мәселемді шешуге көмектеседі»

«Оқушы 15-жас: жоқ барып көрмедім, барғым келген, ата-анам қарсы болды , түймедей нәрсеге бола, психологқа барудың қажетті жоқ , жәй өтпелі кезең, өтеді де кетеді деген болатын»

Жәй болмашы оқиғадан басталған депрессия кейін психикалық ауытқуға дейін жеткізуі мүмкін. Біздің елімізде халықтың психикалық денсаулығына қатысты ешқандай мониторинг жүргізілмейді. Ал есепке психикалық аурудың ауыр түрімен ауыратындар ғана тұрады. Мұндай адамдарға дәрігерлік-әлеуметтік көмек қана көрсетіледі, ары кетсе, жүйке жүйкесі ауруханаларында жатып емделеді. Аралық ем мүлде жоқ дегенді айтады сарапшылар.

Психикалық аурудың ең көп тараған түрі — депрессияға ел тұрғындарының 30 пайызы шалдыққан. Депрессияның себебі көп, салдары одан асып түседі. Салдарының ең қорқыныштысы — адамның өзіне-өзі қол салуы.

Алайда, өз өзіңе қол жұмсау арқылы барлық мәселеден арылу мүмкін емес. Керісінше, тағы бір ауыр жүкті арқаға байлап алу қаупі бар. Сондай бір қорқынышты жайттардың бірі осы жылдың 21 наурызында орын алған еді. Суицид арқылы , қиындықтан құтылғысы келген қыз тағдырын ажалдан арашалау үшін өз жанын құрбан еткен Шалқар Ақымғалиевтің жан түршігерлік оқиғасы әлі есімізде. Отбасының жалғыз асыраушысы, қорғаны , өмірде өз орнын нақты таба алмаған қыздың жүрегінде жазылмаған дертінің кесірінен ажал құшты. Осы жағдай көпшілік қауымға сабақ болады деген ойдамын.

 

Әлем бойынша соңғы 45 жылда өзіне-өзі қол салып өлу деңгейі 60 есе өсіп кеткен. Дүние жүзінде жыл сайын миллионнан астам адам өзіне өзі қол салып дүниеден озады. Соның дені депрессия дертін жеңе алмағандар деседі. Мамандардың айтуынша, 2020 жылы суицидке баратын адамдар саны бір жарым есеге өседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, жылына өзіне-өзі қол салып өлетін миллион адамның сегіз мыңы — Қазақстанның тұрғындары.

 

Өмір – күрес. Сол күресте берілген сынақтар адам жанына жара салып, депрессия деген дертке шалдықтырады. Депрсессия психикалық ауытқуларға әкеп соғуы әбден мүмкін.

Сол мәселелердің торынан шығу үшін әр адам психологтың көмегіне жүгінуі керек. Күйзеліске түсіп өмірден түңіліп, соңында өзіне қол жұмсауға жеткізбей , емдік шаралар қолданса , депрессия деген ауру бізге аса қатты қорқыныш туғызбас еді.

 

 

Бисенова Рысжан

Халел Досмұхамедов атындағы АтМУ 

2 - курс студенті

1
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 17 желтоқсан 2019, 14:15
Тегтер: өмір , депрессия , суицид , стресс , күйзеліс

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->