Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Жастар неге жұмыссыз?

Жастар неге жұмыссыз?

Жастар неге жұмыссыз?

 Елімізде жұмыссыздықпен күресу жүргізілгенмен бұл мәселе әлі өз шешімін тауып, күрмеуі шешілмек емес. Жұмыссыздық елімізде жаппай шарпып, белең алып тұрған белді мәселе. Оған қоса қоғамда аға буыннан гөрі жастардың жаппай жұмыссыз болуы қоғам дертіне айналды. Сонда бұл дерттің шипасы барма? Кім кінәлі? Әлде жастардың жалқаулығыма? Немесе елімізде мүмкіндік жоқпа?

Әрине жастардың жұмыссыздығына секбепте жеткілікті. Ең әуелі елімізде жастарды толыққанды дайындайтын жоғарғы оқу орындарының сапасы төмен болуында десек, екіншіден қазіргі заман талабына сай нарықтық кезеңге даярланбауында. Оған қоса жастар қазіргі заман талабына сай ма яғни үш тілге жетік жетілген бе? Әрине бұндай жастардың жұмыссыздығына себеп салдарлар тайға таңба басқандай айқын көрініс тауып тұр. Бұл пікірге ешкім шүбә келтіре алмас яғни «диплом бар, жұмыс жоқ». Жастардан сұрар болсақ осы жауапты алатыныңызға күмән жоқ. Оқуын аяқтаған еш тәжірбиесі жоқ жас маманды ешқандай жұмыс орын құшақ жая қарсы алмасы анық. Олардың сұрайтыны тәжірбие ал, тәжірбиесіз жұмысқа тұрсаң жалақы мардымсыз. Міне осындай мәселелермен жастар бетпе-бет келетіні анық.
Негізі бұл жұмыссыздықтың түп тамыры дұрыс мамандық таңдамағандықтан себебі қазір көпшілігі сұранысқа ие мамандықтан гөрі сәнге айналған мамандықты таңдайды. Оған қоса бала емес ата-ананың таңдауыда әсер етеді. Қазіргі таңда көпшілігі заңгер, программит, мұнай салаларын таңдайды. Ал елімізде ауыл шаруашылығы, техникалық салалар мен медицинада мамандар тапшы екені белгілі.
Жоғары оқу орнын бітірген жас маман өз уақытында тиесілі сабағын оқымай төрт-бес жыл ұйқымен өткізіп, оқу бітірген соң бей жайлық танытып жұмыс іздесе білімі жетпей сан соғып, жұмысқа орналастыратын таныс тамыр іздеп бір мекемеде бір жұмыс орнында отыратыны жасырын емес ал танысы жоқ тиісінше білімді жас маман шетте қалатыныда бәрімізге белгілі. Иә қоғамда осындай жұмыссыздық жырын қозғасақ сан түрлі шиеленіскен сіз бен бізге беймәлім мәселелерді көреміз. Дей тұрғанмен елімізде мүмкіндіктерде аз емес. Дипломмен ауылға, жұмыспен қамту деген сияқты көптеген бадарламалар өз жұмысын жасап осы олқылықтың орнын толтыруда. Оған қоса 2019 жыл жастар жылы жастарға сенім ерекше артылуда жаңа мүмкіндіктер мен жолдар ашылуда. Соның бірі Zhas projest деген сияқты бағдарлама. Сайып келгенде болашақ жастардыкі. Ал ниеті мен күш қайраты бойында бар адамның екі қолына бір күрек табылары хақ. Сондықтан кінәні өзгеден емес өзімізден қарап талмай оқып, еңбек етсек мына заманда жасамын деген жанға жұмыс деген жетерлік екенін естен шығармайық.

                    
                                                
Жайна Мәлімқожа
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университеті,
Журналистика кафедрасының 2 курс студенті.

 
1
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 16 желтоқсан 2019, 15:10
Тегтер: #жастарнегежұмыссыз #журналистика #ЖайнаМәлімқожа

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->