Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Тұңғыш сайыс тартысқа толы өтті

Тұңғыш сайыс тартысқа толы өтті

Тұңғыш сайыс тартысқа толы өтті

Өскеменде шағын футболдан балалар арасында екі жас ерекшелігі бойынша жеке футбол мектептерінің Біріншілігі өтіп, алғаш рет ұйымдастырылған бәсекенің үздіктері анықталды.

Еліміздің футбол Федерациясының қолдауымен бірқатар өңірлерде аяқдоп аламанына ден қойған балалар арасында турнирлер қолға алынған еді. Әдеттегідей, Шығыс Қазақстан облысы да мұндай бастамадан шет қалмады. Үстіміздегі жылдың 9-ші қарашасында басталған теңбіл доп додасы жоғарыда айтқанымыздай екі жас ерекшелігінде өрбіді. Айталық, жүлделі орындар үшін 2007-2008 және 2009-2010 жылдары туған балақайлар өз мүмкіндіктерін байқады. Қатысқан командалардың ұзын-ырғасы – 17. Оның ішінде, 2007-2008 жылдары туған жеткіншіктер арасында жүлделі орындарды тоғыз команда сарапқа салды. Бір-біріне сыралғы қарсыластар да бар еді араларында. «Эверест», «Real-16», «Bars-1», Bars-2», «Арлан» және басқа да командалар жарыс жолына шықты. Ұйымдастыру комитетінің сөзінше, бастапқыда ойындар аса тартысты өтпейді деп топшыланған екен. Алайда әр ойын сайын жеңісті қарсылас уысына оңайлықпен ұстатқылары келмеген командалардың жігерін көріп, басқаша ойда қалған.

– Мектептердің әзірліктері өз деңгейінде, – дейді облыстық футбол Қауымдастығының атқарушы директоры Оралбек Адылханов.  – Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, жеке мектептерге жұмыс барысы жоспар бойынша өрбіген екен. Маман ретінде арнайы барып, бақылап та көрдік, дайындықтары ойдағыдай көрінді. Ең бір көңілге қонғаны – бапкерлер шынайы талантты анықтауда аянбай еңбектенуде.

Расымен де, әр жаттықтырушы аталмыш сынға қатысып, тек жүлде алудың қамымен емес, шәкірттерінің барынша сапалы ойын өрнегін көрсетуіне бағыт беруді көздегендерін байқау қиынға соқпады. Бапкерлер жұмысына қолдау танытқан ата-аналар тарапы да әу бастан жан ұшыра жанкүйерлік етумен болды. Әсіресе, жүлдегерлер есімі анықталатын шешуші ойындарда қиқуға басып, баласы өнер көрсетіп жатқан командаға тілеулестіктерін білдіріп жатты. «Қақпаны қорға!», «Допты әрірек теуіп жібер!» деп тақым қысқан аналар мен әкелердің дауыстары дене шынықтыру-сауықтыру кешені залының ішін жаңғыртып жіберді.

 – Балам жастайынан футболға әуес еді. Отағасы екеуіміз үнемі қолдау танытуға тырысып келеміз. Бастысы, бала күнгі қызығушылығын алдағы уақытта кәсіби деңгейге жеткізсек деген ниеттеміз. Бүгінгі финалдық ойынға таң бозасынан тұрып, баламызға жанкүйер болайық деп арнайы келдік. Шешуші ойындар таяған сайын қобалжу да көбейеді екен, – дейді «Bars» сапының намысын қорғаған Әмірланның анасы Әсел Балибаева.

Дегенмен үшінші орын болған кездесуде командалар пенальтиге жүгінуге мәжбүр болды. «Эверест» және өскемендік «ДЮСШ» ұжымдары арасындағы ойында негізгі уақытта есеп 2:2 болып аяқталғанымен, қақпашымен бетпе-бет келген сәтте Антон Молтусинов баптайтын «ДЮСШ» ойыншыларының мерейі үстем болды. Осы командада соңғы болып қақпаға соққы бағыттаған қатысушының шеберлігін айта кеткен абзал. Бұл 2009-2010 жылдары туған қатысушылар арасындағы тартыс еді. Артынша ақтық сында «Bars» футбол мектебі «Алтай-2010» футбол орталығының алдын орап кетті. Бұл жерде де негізгі есеп – 2:2, тек пенальти сериясы бойынша «Bars» командасының асығы алшысынан түсті. Ұйымдастыру комитеті бірқатар ойыншыларды арнайы марапаттауды жөн көрді. Мұнда «Үздік қақпашы» аталымына Айбек Конспеков ие болды. «Bars» сапынан Темірлан Төлеу – «Үздік қорғаушы», Даниал Исаев (ДЮСШ) – «Үздік шабуылшы» және Ілияс Мұратов (Алтай-2010) «Пайдалы ойыншы» аталымын иеленді. Ал 2007-2008 жылдары туған балалар арасында Әділет Сәкенов «Үздік қақпашы» деп танылды. «Үздік қорғаушы» номинациясы – Ануар Дәукенге (Алтай-2), «Үздік шабуылшы» – Максим Титов (Алтай-2) және «Пайдалы ойыншы» аталымы Захар Ивановқа (Алтай-1) бұйырды. Айта кетейік, аталмыш жас ерекшелігінде «Алтай 2009-1» футбол орталығы ақтық сында «Алтай 2009-2» ұжымын тізе бүктірді. Негізгі уақыттағы есеп – 4:0 болып аяқталды. Ал үшінші орын үшін болған ойында ЧУ «Алтай» мен «Bars» футбол мектебі жолығып, «Bars» ойыншылары негізгі уақытта 2:3 есебімен жеңіліс тапты.

Ұйымдастыру комитетінің сөзіне сүйенсек, мұндай сайыстар жыл сайын ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ жарыстың өз деңгейінде өтуіне қолдау танытқан қалалық спорт бөлімінің басшылығына алғыстарын жеткізді.

 

Әділхан Есімханов

0
Рейтинг: +0

Автор: Адилхан
Жазылған уақыты: 02 желтоқсан 2019, 23:00
Тегтер: Жеке мектептер арасындағы Біріншілік, Футбол, Өскемен

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->