Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Қыз тәрбиесі - ел мәртебесінің көрсеткіші!

Қыз тәрбиесі - ел мәртебесінің көрсеткіші!

Қыз тәрбиесі - ел мәртебесінің көрсеткіші!

Ұлтты тәрбиелеу дегеніміз қыз баланы тәрбиелеумен пара-пар егіз ұғым. Қазақта “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген аталы сөз бар. Осы тұста бесікті тербетер, балаға тәрбие берер қыз баласы екені айтпасақта белгілі.

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, әйел заты тек батыр тұлғалы ер азаматтарды дүниеге әкеліп қана қоймай, өздері де қолдарына қару алып жаудың бетін қайтарып, ел есінде қайсар тұрпатымен қалғанына тарих куә. Қазірдің өзінде Алтайдан Атырауға дейінгі ұшса құстың қанатты, шапса жүйрік тұлпардың тұяғы талар кең байтақ даламыздың жұмылған жұдырықтай бірлігінің негізі де осы аналардың еңбегі болар. Мектеп қабырғасынан бұрын тәрбиенің негізі отбасында қаланаттындығы бәрімізге мәлім. Осыдан-ақ отбасындағы ананың рөлі қаншалықты маңызды екенін аңғару болады. Отанға деген, жақын туыстарына деген қамқорлық пен махаббаттың негізгі мәйегі осы - отбасы. Оның тіреуіші, тыныштықтың символы - отанасы.

Қазіргі заман білектің күшіне емес, білімнің күшіне сенетін уақыт. Білім дегеніміздің өзі пайдалы, пайдасыз ақпараттар жиыны емес, керісінше адамдық қасиетті арттырар, мерейін үстем етер нағыз қажет құрал. Ал, асыл қасиеттер ішінде қыз баласына тән - тектілік деген ғажап қасиет бар. Оны біз әдебиетімізде сөз патшасы болған Абайдың әкесі Құнанбайды дүниеге әкелген Зере апамыздан көруге болады. Дәретсіз баласына жоламаған, өзгелерді жолатпаған не деген тазалық белгісі. “Қазақ әйелінің этанолына” айналған Ұлпанды қалай айтпасқа болар? Махаббатына адал, тіпті ажал құшқан Жібек пен Баян сұлулардан қалай аттап өтпекпіз? Мұның бәрі тарих, ойдан шығарылған кейіпкер деп мін тағарсыз. Бірақ, “Қазақтың батыры” Бауыржан атамыздың келіні Зейнеп апамыздың үлгілі-өсиетті сөздері нағыз керек пайдалы кеңестер. Тұнып тұрған тәрбиегінің көзі.

Әлбетте, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ болуың керек. Өзіңді дамытып, жетістіктерге жетіп жеке тұлға атанып, өз бет-бейнеңді қалыптастыруың қажет. Бірақ есіңде сақта, ол сенің өмірлік миссияң емес. Сенің нағыз бақытың, өзіңе ғана жұмсалған сәттерде емес, отбасында. Сені алдыңнан күтетін балаларыңда, сүйікті жұбайыңның жанында. Олардың тәрбиесі міне сенің нағыз атқарылуы тиіс миссияң. “Ұл бұзылса отбасыныңбұзылғаны, қыз бұзылса - ұлттың бұзылғаны” деп қыз бала тәрбиесінің салмақты екенін аңғартады. Қыз баланың баға жетпес байлығы дақ түспеген ары екенін әрбір қазақ қызы санасында бекем ұстанса екен. Жәудір көзді әпкелеріміз бен сіңілдеріміздің туған жерді тастап, өзге ұлттың етегіне еріп ел асуы көңілді қынжылтады. Байырғы тарих қойнауындағы әмеңгерліктің сол заманда сақталуы қан тазалығының айнасы екенін көруге болады. Кезіндегі ерлеріміз тек жерім деп емес, қаракөз қарындасым болашақ елімнің анасы, оның ар-намысы деп қасық қаны қалғанша күресті. Мұның бәрі бекер емес. Менің басты қалауым қыз баласының тәрбиесі ел тәрбиесінің көрсеткіші, бетке ұстар айнасы екенін ұмытпасақ. Өзгелер экономикаға қарап емес, ондағы тәрбиеге қарап баға беретінін ұмытпайық. Бастысы қазақилықты сақтайық!

1
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 02 желтоқсан 2019, 13:28
Тегтер: қыз тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, отбасы

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.