Ана тілім!

Ана тілім!
жеке
блог

     Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Мағжан атамыздың: «Жан көріністерінің ең қымбаты– ой, ой тілі –сөз. Тіл адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны...» деген сөзі дәлел деуге болады.

5 - қыркүйек Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне күніне орай əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің Информатика кафедрасының Есептеуіш техника жəне бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының 2-курс студенттерімен ашық-кураторлық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа Ақпараттық технологиялар факультеті деканының тəрбие ісі жөніндені орынбасары Сəуле Əнерқызы сонымен қатар Информатика кафедрасының оқытушылары қатысты. Студенттер ана тілі жайлы ақындардың және өз шығармашылыған ана тіліне арнауларын оқыды. Күй, шертіліп, әнде айтылды. Студенттердің ерекше дайындықпен, зор ынтамен келгендері көрініп тұрды. Жүргізушілердің қойған қызықты сұрақтарына да мүдірмей жауап берді. Ашық сабақ жоғарғы деңгейде өтті. Студенттер де, келген қонақтарда дəн риза.

Бұл ашық сабақтың басты мақсаты - студенттердің өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.