Уақыт-адам өмірінің өлшемі

Уақыт-адам өмірінің өлшемі
жеке
блог
Әрбір адам өз өмірінің бір күнін бір сағатын бос өткізбеу керек.Біз үшін әрбір уақыт қадірлі.Себебі уақыт бізбен санаспайды,жылжып өтіп кетеді.Өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын адам уақытын құр өткізбеуге,кемелдендіруге ізденіске жұмсайды.Адам өмірінің жастық шағы қайратты да мумкіндігі мол тамаша шақ.Осы кезде ғана адам алға қойған мақсаттарына жете алады.Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады."Көктемнің бір күні-жылға азық"-дейді халық.Ендеше жастық шақтың бір күні адамның бүкіл өміріне азық деуге болады."Әлі уақыт бар ғой"-деп бүгінгі істі ертеңге қалдырып жатамыз.Бірақ өмір қамшының сабындай ғана,ол біреу-ақ.Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шұбатылып,ол тез кетпек,оны өз тұсыңнан өте бергенде,бас салмасаң өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың. Осыған байланысты бір данышпанның мынадай бір қанатты сөзі бар:"Кешегі күн өтіп кетті.Ертеңгі күн белгісіз.Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл","Адам баласы байлығынан,бақ-дәулетінен айырылғанда қатты налиды,ал асыл уақытының мән-мағынасыз өтіп жатқанын елең қылмайды"Расында да,біз өтіп жатқан уақыттың қадірін біле бермейміз.Көбінесе уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана"аһ" ұрамыз.Демек,уақыт- адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Сондықтан дұрыс меңгеріп,әрбір жылдың,айдың,аптаның,бір күннің,бір сағаттың,бір минуттың,бір секундтың, өзіндік құнын түсіне білу керек.Өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай келешекке көз жүгіртіп, өмірді мәнді,сәнді,мазмұнды өткізе білуіміз керек.