Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / БАҚЫТТЫ БОЛУ...

БАҚЫТТЫ БОЛУ...

БАҚЫТТЫ БОЛУ...

Бақытты болу тағдыр емес,

бақытты болу таңдау.

(с) Ербол

 

 

Бақыт деген не? Бақыттың түрі қандай?  Барлық адам оны бірдей түсіне ме? Бұл абстрактілі ұғым адамзат баласын ғасырлар бойы терең ойға салуда, сала береді де. Әркім бақытты әрқалай түсінеді. Бұл эсседе мен өзімнің ұғымымдағы бақыт түсінігін жазбақпын. 

 ОЙЛАРДАН БАСТАУ АЛАДЫ!

Замандар ауысса да құндылықтар өзгермейді. Мәселен, адамдардың көпшілігі бақытты материалдық құндылықтардан іздейді. Ақша, байлық, билік – адам баласын бақытқа апаратын жол-мыс. Алайда қоғамның екінші жағы бақытты ерекше сезімге балайды. Оны материалдық құндылықпен теңестіруді қателік деп танып, оны мойындамайды.

Ал мен ше? Менің ойымша,  бақытты іздемей, оны өзің қолдан жасауың керек. Бақыт жайдан-жай пайда бола қоймайды, оны бақытты болғысы келетін адам өзі жасап, бақытты болуға ұмтыла түсуі тиіс.

Атақты украин ғалымы, Нобель сыйлығының иегері, физик Лев Ландау өзінің «бақыт теориясын» ұсынған болатын. Бұл теория бойынша адам бақытты болуы үшін сүйікті іс, адамдармен жақсы қарым-қатынас пен махаббат керек екен. Меніңше, бұл теория әлемдегі ғажап теориялардың бірі секілді. Аталмыш теорияның дұрыстығына еш күмәнім жоқ. Алайда бұған өзімнің де алып-қосарым  бар.  

Біздің халқымыздың түсінігі бойынша адам бақытын тағдырына балап жатамыз. Бұл қате түсінік. Себебі осындай санаға сіңірілген ұғым генетикалық кодқа еніп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Менің ойымша,адам өз бақытын таңдау ретінде қабылдаса, бұл абстрактілі ұғымды өзінің нақ қалауы бойынша түсінер еді.

Қорытындылайтын болсам, бақыт ол бір сәттік болуы шарт емес, ол да шынайы әрі ұзақ болуы мүмкін және бұл сезім адамға біраз еңбектен соң келеді. Адамзат ұғымындағы қол жетпейтін бақыт сезімі жансақтықтың белгісі.  Себебі бақытты адам өз қолынан жасай алады. Бақыт кез келген адамның басына қонар құспен тең, әрі қарай оны ұшырып алмауы әркімнің өзіңе байланысты. Өйткені бақытты болу тағдыр емес, бақытты болу таңдау.

1
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 13 қараша, 02:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.