Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Отбасы құндылықтарының маңызы неде?

Отбасы құндылықтарының маңызы неде?

Отбасы құндылықтарының маңызы неде?

          Қазіргі таңда ең көп орын алатын қоғамдық жағдайлардың бірі- ажырасу. Статистиканың есебінше ең көп ажырасу – Қарағанды облысында орын алса, ең төменгі көрсеткішті – Батыс Қазақстан облысы көрсеткен. Дәлелденген мәліметтерге сүйенер болсақ, ажырасу фактілері қалалық жерде көп тіркелген. 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында некеге тұрушы ер адамдардың орташа жасы – 29, әйелдердікі – 26 болған. Тарих беттеріне көз жүгіртсек, қазақ қоғамында мұндай бет алпатты жағдаяттар болмаған. Себебі неде? Неліктен жастар кеш үйленіп, тұрмысқа шығады? Ажырасу фактілері неліктен көбейген?

        Қазақта “Он үшіңде отау иесі”, деп өсірген. Ұл балалардың тәрбиесіне қатты мән берген, себебі ол бір шаңырақты ұстар тіреуі болатын адам. Кішкентайынан кәсіпке бейімдеп, жауапкершілік жүктеген. Сондықтан болар, ата-апа тәрбиесін алған бала эгоцентристік қасиеттерден аулақ болған. Себеп тек - жауапкершілік қасиеттің төмендегенінен көп пе? Жоқ, олай ойламаймын. Бала кезімізде апаларымыздың өсиетті сөзі бар “Келін болып, босаға аттадыңба, сол үйдің отымен кіріп күлімен шық” деген. Қазіргі қоғамдағы толық емес отбасылардың көбеюі жан түршігерлік жағдайларға алып келуде. Бұрын отбасы үшін, бала-шағасы үшін шыдап, қиналса да жарынан айрылмайтын әйел бұл заманда өзі үшін де өмір сүруге болатынын түсінді. Ал бүлдіршіннің психологиясы, отбасы махаббаты қайда қалды? Ата-анасы тірі бола тұра, жетімнің күйін кешетіндей не жазды? Кім кінәлі? Қоғам ба әлде ата-ана ма? Менің ойымша, еркін қабылдайтын біз кінәлі. Егер екі жас ажырасса, “менің де ұлыма (қызыма) қарайтын адам табылар деген немесе ішіме сыйған бала, сыртыма сыйады деген қамқорлық танытқыштар кінәлі”. Неліктен дәл сол сәтте қателіктің ара-жігін ақтарып, татуластырмасқа. Бір отбасын сақтау - бір елді сақтаумен пара-пар. Ажырасудың көптігі демографияғада кері әсерін тигізеді. Ол дегеніміз, әр қазағым жалғызым деп отырған бізге қиындық тудырады. Жау дегенің қабырға арасында. Қазақтың аздығының өзі тұнып тұрған деградация емес пе?

           Психологтардың пайымдауынша, махаббат үш жыл өмір сүреді екен. Қазіргі жастар арасында бір жылдан кейін ажырасып жатқандары кездеседі. Сонда оларда қандай махаббат болды? Бір-біріне деген жалын атқылаған сезімдері, бір-біріне деген іңкәрліктері қайда кетті. Иә, әрине жастардың отауында ең көп ажырасу себебі ол өзгенің араласуы немесе ұсақ-түйек себептер екені анық. Бір-бірінің өздері білмейтін қырлары шығып, жанжал туындайды. Ал оның нәтижесі ұрысқа алып келеді. Жалпы неліктен ажырасу себебі көп деп кейбір адамдардан сұраған болсам, бір нақты жауап: қаржының аздығы, дұрыс көңіл бөлмеуі, өзіңізге суынуы деген жауаптар алуға болады. Осы тарапта өз кеңестерімді ұсынсам:

  1. Қаржылық жағдай. Өмір ақ пен қара кезеңдерден тұрады. Бұл дүниенің уақытша дүниелері бірде бар, бірде жоқ. Ол сынақ. Бір-біріңе берілетін сынақ. Егер сіз дәл сол адаммен бірге боламын деп шешім қабылдаған болсаңыз, шешіміңізге адал болыңыз. Шыдаңыз, керісінше көмектесіңіз. Оған демеу болыңыз, сізден артық адам таппайтынын түсініңіз. Күніне жұмсалатын қаржыны үнемдеуге тырысыңыз. Жоқтан бар жасаңыз.
  2. Көңіл-бөлу. Әйел адам болсын, ер адам болсын назарда болғанын қалайды. Әйелдер тым сезімтал келеді. Ерінің оны кемшіліксіз қабылдағанын, түрлі мақтаулар айтуын, көңілін аулайтын сыйлықтар сыйлағанын күтеді. Ал ер адамдар әйелінің күнделікті тамағын, киімінің дұрыс болуын қадағалағанын көргісі келеді. Жалпы айтар болсақ, әйел заты қырық айлалы болып келеді, жасырмаңыз ол шындық. Еріңізге жұмыстан үйге асығып келетіндей атмосфера тудырыңыз. Ол отбасын сақтаудың бірден-бір күш-қуаты.
  3. Суыну. Кез-келген түйіткілді мәселені ұрыс-жанжалсыз шешкен дұрыс. Ұрыс кезінде өкпе-наздың бәрін айтпай, ең маңыздысын сөз етіп, кемшіліктерін бетіне баспай, жәй сөйлескен дұрыс. Мұндайда әйелдер қауымының рөлі ерекше. Сізден кетсе, желөкпе сылқымдардың бар екенінде ұмытпаңыз. Күнделікті жылы сөздер айтыңыз, ұнататын тағамдарын әзірлеңіз. Бастысы сізден бас тарта алмайтындай жағдай қалыптастырыңыз.

          Отбасы - ол киелі ұғым. Ертеректе алпыстағы шалға он үштегі қызды жар еткізген жағдайлар болған. Қазақ қоғамында жас жағынан ерінің өзінен үлкен болуы дұрыс секілді. Себебі махаббатыңыздың жылуы өшседе, сыйластық қалады. Ал сыйластық бар жерде, ұрыс-керіс туындамайды. Бар айтарым, өзімшілдікке салынбаңыз. Сіздің балаларыңыздың әкесіз не болмаса анасыз өсуі оның психологиялық жағдайына кері әсерін тигізеді. Өзге адам бөтен адамның баласына туғанындай жақын болмайтынын да ескеріңіз. Отбасының бақытты болу тұтқасы ер мен әйелге байланысты. Соны естен шығармаңыз. Бақытты болыңыз және бақытты етіңіз.

1
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 12 қараша, 20:09
Тегтер: отбасы, ажырасу себептері, психология, ұрыс-жанжал

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.