Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Сатуды қалай үйренуге болады? Жақсы сатушының қасиеттерін қалай дамыту керек?

Сатуды қалай үйренуге болады? Жақсы сатушының қасиеттерін қалай дамыту керек?

Сатуды қалай үйренуге болады? Жақсы сатушының қасиеттерін қалай дамыту керек?

Саудамен айналысу – әлемдегі ең даулы және болашағы бар істердің бірі. Жоғары білім алмағандар да, үш жоғары білімі мен ғылыми дәрежесі бар адамдар да саудамен айналысады. Бұл істі дүкендегі сатушылар да, кең кеңселердегі ірі компаниялардың басшылары да жүзеге асырады.

Сатуды қанша адам ұнатса, сонша адам оны жек көреді. Дегенмен, саудамен айналысу сіздің жұмысыңыз әрқашан қызықты болуына, күнделікті өзіңізді, өз қабілеттеріңізді дамытуға әрі жұмсаған күш жігеріңіз үшін әрдайым керемет сыйлықтарға ие болатыныңызға кепілдік береді.

Ешкім дүниеге алдын ала сатушы болып келмейді, кез келген адам қалаған жасында, осыған дейін қандай білім алғанына қарамастан сауда ісінің маманы болып шыға алады.

Мұны жүзеге асыру үшін, өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, келесі кеңестермен бөліскім келеді:

1. Мақсат қойыңыз.

 

Өзіңізге келесі тіркестерді айтпайынша, өз ниетіңізді мәлімдеп, өз күшіңізге сенбегенше, сату барысында сәттілікке жете алмайсыз. Бұл жағдайда өзін-өзі ынталандыру сөздері көмектеседі:

- «Мен сатуды үйренгім келеді!»;

- «Мен үшін сатуды үйрену өте маңызды!»;

- «Мен өзімнің дамуым мен жетістігім үшін жауаптымын»;

- «Мен өз мақсатыма жетуге уәде беремін».

2. Болашақты елестетіңіз.

 

Өзіңізді бір жылдан кейін қазіргіден бірнеше есе көп ақша табатыныңызды елестетіп көріңіз. Бір жылдың ішінде қандай мақсатқа қол жеткізгіңіз келетінін, нені сатып алуды, қайда барып, өмір сүргіңіз келетінін ойланып көріңіз. Осының барлығы жүзеге асатындығын елестетіңіз. Сізге бұл шынымен керек пе? Неліктен сатып үйренгіңіз келеді? Егер бұл тәжірибе сіздің бөлетін уақытыңыз бен күшіңізге тұрарлық болса, онда тек алға!

3. Күшті және әлсіз жақтарыңызды бағалаңыз.

 

Адамдармен қарым-қатынас орнату барысында, ненің сіздің қолыңыздан оңай және қиын келетінін ойланыңыз. Күн сайын өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңыздан, яғни әрқайсысынан біреуін таңдап, алдыңызға оларды одан бетер күшті етемін деген мақсат қойыңыз. Берілгенді күшейтіп, әлсіз жақтарды күшті жаққа ауыстырыңыз. Мысалы, егер тұтынушының қарсылықтарымен жұмыс жасау қиын болса, онда күн сайын осыған уақыт бөліңіз: ең қиын қарсылықтарды жазып, оларға қалай жауап беру туралы ақпаратты іздеңіз, осылайша сіз әрдайым «Бұл қымбат», «Мен ойланып көремін», «Маған ештеңе керек емес», «Сіз мені сендірмедіңіз» деген қарсылықтарға сенімді жауаптар бере аласыз.

4. Өз өніміңіз және бәсекелестердің өнімдері жайлы толық ақпаратты біліп жүріңіз.

Сіздің өніміңіз туралы бәрін біліп алыңыз, тұтынушыларға не ұнайтындығын, не үшін сатып алатындығын сұраңыз. Таңдау кезінде қандай ерекшеліктеріне назар аударады?

5. Басқа сатушыларды бақылаңыз.

 

Өзге сатушылардың әрекеттерінде ұнайтын нәрсені белгілеп, солай етуге тырысыңыз. Сонымен қатар, қателіктеріне назар аударыңыз. Сіз оның жағдайында қандай басқа амал тауып, сауданы жүзеге асырар едіңіз?

6. Сатып алушылардан кеңес сұраңыз.

 

Сатып алушымен ешқашан дауласпаңыз. Неліктен олай ойлайтынын анықтаңыз, ол осы немесе басқа жағдайда қалай жақсы болатындығымен бөлісіп, кеңес береді.

 7. Тәлімгер табыңыз.

 

Ең жақсы сатушы, әріптес, бастық болсын, әрқашан сауданы жақсы жүргізетін адамды таңдаңыз. Онымен жиі байланысып, тәжірибесімен бөлісуді сұрап, мықты адамдармен бірге дамуға тырысыңыз. Басшыдан өзіңіз бен әріптестеріңіз үшін сату бойынша тренинг немесе семинар ұйымдастыруды сұраңыз.

8. Айына 2 кітап оқыңыз.

 

Сатумен енді ғана айналыса бастаған жаңа мамандарға арналған көптеген кітаптар бар, тіпті сізге белгілі ақпарат берілсе де, соңында кемінде бір жаңа ой түйіп шығатыңызға сенімдімін.

 9. Табанды, сенімді және шыдамды болыңыз.

Мүмкіндігінше адамға көмектесуге тырысыңыз, сатып алушымен қарым-қатынас орнатқан сәтте, ол сіз үшін әлемдегі ең маңызды адам болуы қажет. Тыңдаңыз, сұрағыңыз пайда болғанда, нақтылаңыз, сенімділік пен көмектесуге ниет білдіріңіз. Қажет болғанша уақыт бөліңіз.

10. Жақсы тыңдаушы болыңыз.

 

Сұрақ қойыңыз, көбірек сұраңыз және аз сөйлеңіз. Табысты сатушылар тұтынушыға өзі туралы бәрін айтуға, тіпті кез келген нәрсені өзіне-өзі сатуға мүмкіндік береді.

 11. Ешқашан берілмеңіз.

 

Кемшіліктер әрқашан болады. Оларды қуанышпен қарсы алу қажет, себебі солар арқылы біз әрі қарайдамуымызды жалғастырамыз. «Бұл сәтсіздік маған не үйретті?», «Келесі жолы мен қалайша әрекет етемін?» деген сұрақтарды өзіңізге қойып, әр ісіңізді саралап, дұрыс тұжырым жасай біліңіз.

 12. Өз ортаңыз болсын.

 

Сізге сенетін, қолдау көрсететін және шабыттандыратын адамдармен көбірек қарым-қатынас жасаңыз.

 

Қорытындылай келе, күшіңіз бен уақытыңызды бағалап, әрқашан өзіңізді жан-жақты дамытыңыз. Болашағыңызды ойлап, бүгінгі күнмен өмір сүріңіз. Шынайы болып, саудаңызды қуанышпен жүзеге асырыңыз. Сіздің көмегіңізбен әлемде күн сайын көңілді және қанағаттанған адамдар саны көбейіп келеді. Сатып алушы - сіздің досыңыз, оған қамқорлық көрсетіп, көмектесіңіз, сонда ол сізге әрқашан сауда жасау үшін қайтып оралатын болады.

 

 

 

 

2
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 12 қараша, 11:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.