"Жігер" республикалық әскери-патриоттық лагері туралы не білеміз?

Мемлекеттің маңызды міндеті азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, Отан мүдделерін қорғау бойынша азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға тәрбиелеу, мағыналы азаматтық ынтымақтастық пен қатыстылық, этносаралық және тұлғааралық өзара түсіністік сезімін қалыптастыру болып табылады.

Бұл жөнінде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз тәуелсіз мемлекетті өз қолымызбен құрған ұрпағымыздың ұлы жетістіктері келесі ұрпақтармен лайықты жалғасын табатынына сенеміз. Ата-бабаларымыздың ерліктері, қазіргі ұрпақтың үздіксіз еңбегі – міне Мәңгілік мемлекеттілікті құрудың кілті».

Әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша азаматтардың, әсіресе жастардың бойында жоғары патриоттық сезімді, өз Отанына деген берілгендік сезімдерін қалыптастыру әскери-патриоттық тәрбиенің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінде Қорғаныс министрлігі тарапынан да, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан да жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін қалыптастыру және күшейту жөніндегі тиімді құралдардың бірі жыл сайынғы «Жігер» республикалық әскери-патриоттық лагерін өткізу болып табылады.

1.1  «Жігер» республикалық әскери-патриоттық лагері келесі мақсаттарда өткізіледі: жастардың бойында Отанға қызмет ету және оны қорғау идеясын қалыптастыруға, азаматтықты, патриотизмді дамытуға, кәсіби маңызды қасиеттерді, қоғам өмірінің түрлі салаларында олардың белсенді көрінуіне дайындығын және іскерлігін қалыптастыруға бағытталған әскери-патриоттық қозғалыстың дамуын әдістемелік қолдау.

1.2  Лагерьдің негізгі міндеттері:

-  республикалық деңгейде әскери-патриоттық тәрбие бойынша жүйелі жұмысты күшейту;

-  ақпараттық-түсіндіруді қамтамасыз ету (БАҚ және әлеуметтік желілерді, әскери-мерзімді басылымдарды белсенді пайдалану);

-  қазақстандық әскери қызметшінің имиджін арттыру;

-  әскери-патриоттық тәрбиені жүзеге асыру бойынша басқару органдары мен құрылымдарының қызметін ғылыми-теориялық және әдістемелік қамтамасыз ету;

-  әскери-патриоттық тәрбие саласында оң тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.

2.1                Жобаның қатысушылары 14 пен 29 жас аралығындағы жастар болып табылады.:

-  «Жас Сарбаз» балалар жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалдарының төрағалары»;

-  «Айбын-2019» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушылар;

-  Әскери-патриоттық клубтар мен «Жас Сарбаз» сынып тәрбиеленушілері, әр түрлі конкурстардың, олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары;

-  Жастар ұйымының көшбасшылары.

2.2                 Осы жобаға қатысу үшін Қазақстанның кез келген аймағынан 14-29 жас аралығындағы жастар алдын ала онлайн сауалнама толтырады және өтінім парағын жібереді. Лагерьге сауалнама жүргізу барысында лагерь жұмысына қатысуға оң мотивация анықталған жастар қабылданады.



Бөлісу: