Негізгі / Позитивті тәрбие
Позитивті тәрбие
Бізге де көп нәрсе үйрену керек. Бала тәрбиесіне қатысты әңгіме айтсам, білсем қуанам қатты. Өйткені олардың миы, ойлау қабілеті бізден өзгеше. Егер балаңыздың тезірек дамып, алға жылжуын қаласаңыз, онда мына жеңіл қадамдардан бастап көргеніңіз жөн.

Көбірек көтеруге тырысыңыз. Басын алдыға қаратып көтерген өте ыңғайлы. Айналаны көруі өте маңызды. Анасының ішінен басқа ештеңе көрмеген балаға, сыртты көрген раxат сезім. Өйткені айналадағы кез келген затты, жаңа дүниелерді көргеннен оның интеллекті, ойлауы тезірек дамиды.

Көтеріп жүрген баланың бір жылағанын көрмеппін. Керісінше жатқан баланың жылағанын талай бақылап жүрмін. Егер бала жыласа, оған бірдеңе ұнамай тұр н/е оған не комфортно. Игнор жасау — оның жүйкесінің тозуына әкеп соғады және болашақта «нервный» баланың ата-анасы боласыз.

Бұл ұсыныс сізге ұнамас. Бірақ балаңыз шашқан заттар, сол күйі шашылып тұрғаны абзал. Өйткені ол үшін бұл ойын. Кез келген жұмыс, іс олар үшін ойын сияқты көрінеді. Сондықтан «супер келін» режимін арасында сөндіріп тұрған дұрыс. Әрине сізге бұл күлкілі болар. Бірақ бұл өз елінің дамуына үлес қосқан және жоғары интеллектті ұрпақ тәрбиелеген ғалымдар кеңесі.

Мен оқыған, көрген материалымды тәжірибеде қолданып жүрген әкемін. Және баланы іште жатқаннан бастап тәрбиелеу керек екеніне толықтай сенемін. Бұл айдарды ары қарай жалғастыра беремін. Ұнаса лүпілдеріңіз және ұнаса ойларыңыз маңызды. Тәрбиелі, саналы ұрпақ өсірейік. 
 
 Мені мына жерден таба аласыздар: Instagram:https://www.instagram.com/rakhimbeksyr/ Youtube:https://www.youtube.com/channel/UCplpCMSLqbnV2coRibdvVQA?view_as=subscriber Twitter:https://twitter.com/rakhimbekovs