Өз биігіңді бағындыр

       Жаңа оқу жылы басталып мектепке қайтадан табан тіредік.Бұл жолғы ішкі сезім бұрынғыдан өзгеше болған секілді ме?Өз басымда солай болды.Ең алғаш мектепке келген кезім есіме түсіп, бірінші сынып бүлдіршіндеріне мейірім жүзбен қарадым.Өзімді елестеттім.Содан кейін өзімнің саусақпен санарлық уақыттан соң мектеп бітіруші түлекке айналғанымды есіме түсірдім.Уақыт деген қандай тез десеңізші...Зуылдап қалайша 11 жылдың өткенін өзіміз де байқамаппыз.Ал ендігі мақсат-біреу.

       Өзіңіз де тұспалдап біліп отырған шығарсыз.Иә.Сіз бен біздің ой тура келді-ау.Менің айтқым келгені жас түлектерге арналады.Өйткені мен олардың қазіргі жоспары мен мақсатын, сондай-ақ ішкі сезім-күйін өте жақсы білемін.Себебі, өзім де 2020 жылдың бітіруші түлегі қатарындамын.Сол себепті менің сіздерге айтар бірнеше кеңесім бар.Олай болса көп созбай бастайық.

Мектепте одан қала берді үйіңізде күнде осы тақырып қозғалады.Солай ғой!Дәл солай.Күнделікті бір сөзді естіп мезі де болған шығарсыз.Дайындал, оқы, жатта деген сияқты сөздерді ата-анаңыздан және мұғалімдеріңізден жиі естіп жүрсіз емес пе? Әрине ата-анамыз бен мұғалімдеріміз бізге жаман болсын демейтіні анық.Алайда күнделікті өмірде бір нәрсені сан мәрте рет қайталай беру оқушының психологиялық жай-күйіне әсер етеді деп ойламайсыз ба?Әсер еткенде қалай, өте қатты әсерін тигізеді.Онсызда емтихандар мен ҰБТ-ны уайымдап жүрген түлекке бұл одан әрмен ықпалын тигізеді.Тіпті депрессияға алып келуі ықтимал.Мен бұны бекерден айтып тұрған жоқпын.Өйткені өзім де осындай кезеңде жүрмін және осы нәрселер бізге қатты әсер ететінін тағы да естеріңізге саламын.Егер де ата-аналар балаларына сенсе, олай қатты қыспаққа алуы қажет емес.Әрісінде, мақсаты бар бала ата-анасының сөзінсіз-ақ оқиды ғой.Сондықтан сіздерге кеңесім: жай ғана балаңызға сеніңіз.Ол сізді ұятқа қалдырмайды.Көңіл-күйін түсірмеуге тырысыңыздар, оқуға дайындалуына жағдай жасаңыздар.Ең маңыздысы  жоғары да атап өткенімдей, қыспаққа алып, депрессияға түсіп кетуінен сақтаныңыздар.Керісінше жақсы сөздер айтып, балаңызды ынталандырыңыздар.Мотивациялық әңгіме айтыңыз және оған өзінің қолынан бәрі келетінін есіне салып отырсаңыз нұр үсіне нұр болары анық.Осы әдісті жасап көріңізші.Балаңыздан нәтиже байқайсыз.Мотивация алып, сол үшін нақты қадамдар жасап бастайды.Міне.Бар болғаны осы.Бұл ең оңай әдіс.Тек керегі-шынайы ынта.Асылында "Ынта болса адамда-қиын іс жоқ ғаламда" деп Абай хакім айтқандай-ақ қандай жұмыс не мақсат болсын, керегі ынта мен таудай жігер.Ендеше бар ынтамызды іске қосып, таудай жігеріміз бар кезде өз биігімізді бағындырып үлгерейік!Сәттілік, саған жас түлек 2020!

 



Бөлісу: