Білім саласын цифрландыру – бәсекеге қабілеттілік кепілі

Білім саласын цифрландыру – бәсекеге қабілеттілік кепілі
жеке
блог

 "Біздің әрқайсымыз жоғары және алға келе жатқан сайын, шыңдалу жетістіктерінің шегі жоқ екенін анық көреміз.  Бүгін қандай биіктікке қол жеткізгенің маңызды емес, мәңгілік өмір қозғалысымен бірге алға жылып отыру маңызды" (Е. И. Рерих)

Шынымен де, заман көші бір орында тұрмайды. Әр заманның өзінің бір жаңа белестері болады. Әр күн сайын қарыштап дамып, алға жылжып, төрімізге шыққан қазіргі жаңа технология заманының бізге қоятын талабы да өте жоғары болып отырғаны ақиқат. Негізі, адами капиталдың дамуы инновациялық күштердің дамуының негізгі көзі деп есептеледі. Адами капитал жаңа заман талабына сай дамымай қалған жағдайда отандық тұтас мемлкеттің дамымауына әсерін тигізуі ықтимал.

Білім сапасы оқытудың сапасына ғана емес, сондай-ақ мамандардың кәсібилігі мен біліктілігіне тікелей байланысты. Бұл заманда заманауи техникалар мен цифрлы технологияларды меңгермеген қызметкер маман сапалы нәтижеге жете алмайды. Бұл өз кезегінде білім беруді цифрландыру мәселесін алға шығарады. «Білім беру саласын цифрландыру – білім берудегі көптеген түйткілдің түйінін шешетін тиімді жол. Білім беруді озық қосымшаларды жетістіктерді пайдала отырып цифрландыру әлемдік озық тәжірибені игеруге, мамандарды оқытуға, халықаралық аренада басқа да университеттермен тығыз байланыс орнатуға, диалог құруға және де сапаға кепілдік береді.

Университеттер осы заманғы бәсекеге қабілетті болуы үшін мамандық – құзыретке, ақпараттық тәртіп – интерактивті тәртіпке, лекция – белсенді сабаққа, ақпарат – талқылауға, жазбаша курстық және дипломдық жұмыстар – дайын нысан немесе өнім негізіндегі курстық және дипломдық жұмыстарға айналуы тиіс. Цифрландыру заманындағы профессор қойыл¬ған сұрақтың жауабын айтқанша, студент өз керегін бірнеше фактілермен тауып үлгереді. Сондықтан бұрынғы әдіс-тәсілмен шектеліп қала алмаймыз.

Қазақстандағы жетекші ЖОО әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлемдік маңызы бар ауқымды QS World Wide жаһандық университеттер саммиті өткен болатын. Бұл әлемдік маңызы бар іс шарада жоғарғы оқу орындарындағы цифрландырудың маңызы туралы айрықша атап өтілді. Шетелдік мамандар мен отандық профессорлар жоғары дәрежелі білім алаңын құрып, әлемге ортақ жетістіктер туралы сөз қозғады. Отандық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін және білім беру қызметтерінің әлеуетін арттыруға бағытталған шарада әлемнің жетекші университеттерінің өкілдері қатысты. Бұл QS World Wide аясында өткен бастамалар ғылыми-білім беру, технологиялық және гуманитарлық кеңістіктің даму үдерістеріне университеттердің қосқан үлесін көрсетуге бағытталған.

Елбасы бағдарламасын негізгі бағдар еткен біздің мақсатымыз – ең алдымен заман талабына сай білімді де білікті мамандар дайындау. 1934 жылы қабырғасы қаланған біздің университет түлектері қазір егемен еліміздің дамуына үлкен үлес қосып келе жатыр.

                                                                                                                 Гүлжазира Габдкаримова

          Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

 шетел филологиясы және аударма ісі

 кафедрасының оқытушысы, магистр