Көріскенше, ALMATY FILM FESTIVAL!

Көріскенше, ALMATY FILM FESTIVAL!
жеке
блог

Сырнайлатып кернейлетіп ALMATY FILM FESTIVAL-2019 халықаралық мәдениет шарасын бітірдік. Бір аптаға созылған кино мерекесі «Мәдениеттер жақындастығы» ұранымен өтті.

Фестивальдің ашылуы салтанаты туралы алдында жазып кеттім. Енді фестивальден алған жалпы әсерлерімді айта кетейін.

Өкінішке орай, фестивальдің әр күнінде болған шараларға қатысуға мүмкіндік болмады. Тек кейбір баспасөз конференциялар мен мастер-класс дәрістеріне қатыстым. Фестиваль қонақтарымен тілдестік, олардың ой-пікірі мен ұсыныстарын тыңдадық.

Наталья Иванова Ресейден келген қонақ, белгілі продюсер, фестивальдің әділ-қазыларының бірі.

«Фестивальге келгеніме өте қуаныштымын. Осы күндері уақыт тез өтіп жатқандай. Байқауға түскен әр кино көруге тұрарлық, айтатын мағынасы зор фильмдер. Жергілікті көрермендерге де ризамын. Кинотеатрда кино көру мәдениетін сақтайды екенсіздер. Залға уақытылы кіреді, ешкім күбірлеп сөйлеспейді, телефондарын өшіріп қояды екен. Біреу телефонын қолға алған бетте жанындағылар ескерту жасап жатады. Сіздерге қарап, бізде де (Мәскеуде) осындай көрермен болса ғой деп ойладым»

Фестивальдің «Үздік актриса» номинациясын («Вдох-выдох» фильмі реж. Дито Цинцадзе) жеңіп алған Саломэ Демурия Алматы қаласын өз үйіндей көреді екен. «Бұл қалада туысқандарым мен достарым тұрады Қонаққа жиі келемін. Мұндай мені жақсы көретін жандар көп. Фестивальден жүлделі оралғаныма өте қуаныштымын»

Көпшілікке «Супер келіншек» фильмі арқылы таныс, Өзбекстан елінің кино жұлдызы Адиз Раджабов: «Қазақстанның бірқатар қалаларында бірнеше мәрте болғаныммен Алматыға алғаш келуім. Жылы шыраймен қарсы алып, біздің фильмді зор қошеметпен қабыл алды. Өте қуаныштымын»

Фестивальде Ким Ки Дуктың киносы халықтың сұранысы бойынша екі мәрте көрсетілді. Өткен жылы танымал режиссер фестиваль кезінде мастер-класс өткізген-дә, ал екі айдан соң Қазақстанда фильм түсірді. Өз сөзінде де әйгілі режиссер осындай фестивальдерден кейін жаңа туындыларды дүниеге әкелуін дәстүрге айналғандырғанын айтып кетті. Бірінші фестивальден кейін түсірілген киноға көрерменнің көңілінен шықты.  

Бір апта бойы Алматыдағы Chaplin Cinema кинотеатрларында өткен тегін кино көрсетілімдерге 7000 адам келді. Фестивальдің жабылуы салтанатында үздіктер марапатталды. Жаңа есімдерді таныдық, жақсы киноларды көрдік. Көптеген кино майталмандарымен кездестік. Келесі жылы кино мерекесінде қайта кездесейік деп игі тілекпен тарқадық.