Ең маңыздысы да, қорқыныштысы да осы болмақ..
жеке
блог

Ең маңыздысы да, қорқыныштысы да осы болмақ..

1 апталық аштықтан келдіңіз делік. Алдыңызға қара су мен қатқан нан тосса да талғамайсыз ғой иә?! Тәтті тағам ұсынғанша асқазанды алдыңғылармен автоматты түрде толтырасыз. Яғни бұл - тәніміздің ашыққандығы, бәрімізге түсінікті.

Өкінішке орай, тәннің аштығынан бөлек, жанның да аштығы болады екен. Ең маңыздысы да, ең қорқыныштысы да осы..

Жоғарыдан келген бұйрыққа мойынсұнбай, жасаған ісіңізден береке таппай немесе өз орныңызды таба алмай сенделген кездеріңіз болса, жақын көрген адамдармен қарым қатынасыңыз нашарлап, еріксіз түрде эгоисттікке салынып, ойыңызды қара бояулар басып, жүрек түбіндегі иманыңыз әлсірегенін сезсеңіз, бұл- рухтың ашыққандығы. 

Алайда, әр нәрсенің жағымсыз қыры болғанымен, өзіндік пайдалы сыры да табылып отырады. Бұл күйді сезініп, оны мойындап, проблема ретінде қабылдасаңыз, демек, шешімін табуға жақындадыңыз. 

Жоғарыда айтылғандай,  тән секілді, ашыққан жанда да талғам болмайды екен. Яғни, рухымызға азық қылатын ақпараттың да құнарлылығы маңызды. Ми пайдалы информация алар кезде оны қабылдай алатын орын болуы керек. Сол үшін жанымызды қажетсіз ақпаратқа толтырмай (өсек,ғайбат сөз,біреуге сын айту), жақсы нәрсе естуді, көруді үйренейік. Дұрыс ақпарат алып білейік. Иманның гүлін тірілтуге, жайқалтуға әрекет етейік.

Шөпті жыланға берсең у - ға айналдырады, сиырға берсең сүтке айналдырады. Барлығы өзімізден бастау алады. Адамның қолымен жасаған ісі-мидағы жұмыстың нәтижесі ғой. Негативті ойдан аулақ жүрейік!

Жақсы ой-> жақсы көңіл күй-> жақсы өмір!)