Менің жазғы демалысым! #эстафета

Осындан қателеспесем бірнеше жеті  бұрын MASSAGET.KZ-тің редакторы Әсел Асанова ханым, "Менің жазғы демалысым" атты эстаффетаны жіберген болатын, мен MASSAGET.KZ-ке жаңа тіркелген, әлі оңды-солың білмейтін, кішкентай балаша, блоктардың өзін жаңа жазып үйреніп жатқан, жазушы деуге келеді ме екен, әйтеуір бірдеңелер жазып  қоятын адаммын! Сөйтіп ол кісіден барлығын сұрап алып, бірінші эстаффеттаны бастауға кірістім! 

Жалпы, адамға қандайда болмасын демалыс деген асыға күтетін күндердің бірі ғой! Мен үшін жаздың бірінші айы, студент болғалы бері демалыссыз болды, сондықтан, мектеп кезді жиі аңсайтынмын, осы жылғысы тіптен соңғы оқу жылы болғаннан кейін абыр-сабыр дипломдық жұмыстар, одан қалды сертификат деп жүгіріп жүрдік, әйтеуір, Алла қалап, бәрі ойдағыдай бітті! Қолымызға асыға күткен дипломды алдық! Содан кейін, демалысты Нұр-сұлтан деген қалада бастадым, негізі диплом алған менің группаластарым үлкен қалаға келіп тез-тез шаруаларын бітіріп жұмысқа орналасып жатты, ал оны ойлаған мен жоқ! Бастысы демалыс... Негізі біраз жерге барып үлгердім туыстардың Амангелді деген ауылына, пляж, бассейн, концерттерден Айқын, Нуржан Керменбаев, Кешью, Райм Артур, кешкі үздіксіз серуен, жанымда жақын адамдар, бәрі ойдағыдай болды! Бірақ түсінгенім қалай демалсақта, қандай жерде болсақ та, балалық шағымыздай қызық та қуанышты демалыстар енді болмайды екен! Біздің балалық шағымыз, қайталанбас ностальгия! Әр жыл сайын ата-анамыз тәтеміз екеуімізді жазғы демалыс үшін ауылға немесе лагерьге жіберетін,біздің жақтағы лагерь "КӨКТАУ" деп аталынатын, ол жерде 15 күн толық қанды балаға демалыс беретін, 15 күн 15 түлі болып өтетін, ең қызықты кезең ол біз үшін түн болатын, қорқынышты әңгімелер айтып, ұлдарға зубная паста, маркерлермен беттерін бояп кететінбіз, таң ертең сосын көріп күлеміз, бірақ ұрыс естейміз, балалық! Вожатый әкеміз, воспитатель анамыздай ыстық болды! Ол кісілерге көп еркелейтінбіз, бірде лагерьде "день наоборот" (бәрі керісінше) күні болды сонда мен вожатый ағайдың орынында болдым, ол кісілердің жұмысы қандай қиын екенің, балаларды бағындыру оңай емес екенің түсіндім! Лагерь бізге тәрбие мен бауырмашылдыққа үйретті! Осы жылы Арыс жағдайына байланысты, дәл сол лагерьге сонау Арыстан балаларды демалтуға әкеліпті, біз сондай қуандық! Себебі, балаға андай стресстан кейін, осындай демалыс жақсы ойластырылған деп ойлаймын! Сонымен қатар, лагерьдің үлкен бір ата-ана үшін күштісі деп айтуға болатын жайт, ол жерде мүлде сеть ұстамайды, бала интернетке отырамын демек түгелі, үйінде жүре алмайтын соткасына мүлде мән бермейді! Бұл бір сәтке жақсы деуге болады! 

Ал сіз жалпы лагерьге барып көрдіңіз бе? Және баланы лагерьге жіберу жайлы ойыңыз қандай?! (Орысша сөздердің аудармасы: Вожатый(тәлімгер), воспитатель(тәрбиеші) Өтініш, орысшаны қатты сыңға алмаңыздаршы!)##аманболыңыз



Бөлісу: