жеке
блог

Күнделікті жұмысыңызға деген қызығушылығыңыз азайса..

Күзгі хандра

Алдымен хандра мен күйзелістің ара жігін ажыратып алайық. Бұл 2 түсініктің берер әсері бірдей болғанымен, айырмашылығы өте көп.

Күйзеліс - психикалық жабырқау. Оның себебі ұзақ уақытқа жалғасқан жағдайда, салдары да қауіпті. Адам өміріне түрлі аурумен (инсульт, анемия, неврит, қант диабеті) жауап қайтаруы әбден мүмкін. Негізінде, күйзеліске түскен адам үшін медицинада арнайы психотерапиямен емделуге кеңес берілген. 

Хандра - психологияда сезон аралық ауытқу, ұзақ уақыттық үзілістен кейінгі жұмысқа оралу немесе диетаның алғашқы күндерімен түсіндіріледі. 

Дәл қазіргі уақытта біздің өмірімізде орын алуы мүмкін жағдай, ол - күзгі хандра, яғни, күз айларымен келетін ауа райының әсерінен көңіл күйдің ауытқуы. Күннің күрт салқындауы, түнерген, бұлыңғыр аспан, үздіксіз жаңбыр, күннің аз мөлшерде түсуі т.б. Бұндай өзгеріс кезінде адамдар өте сезімтал келеді.

Егер осы мезгілде сіздің денеңізді зіл басса, күнделікті жұмысқа деген қызығушылығыңыз азайса, барлық жоспарыңызды кейінге қалдырып, жылы төсек пен ұйқыны үздіксіз аңсасаңыз, мұңды әуенмен бірге жалғызсырасаңыз, хандраға қош келдіңіз:)

Хандрадан айығу немесе алдын алу шараларын бірнеше пунктке бөліп қарастырайық:

1)Алдымен көңіл күйіңізге әсер еткен себепті анықтап алыңыз да, сол нәрсені ойламауға немесе жасамауға тырысыңыз.

2)Дивандағы бос жатысқа құмар болмаңыз. Телефон, теледидардың алдында ұзақ отыруды тежеп, өз өзіңізге, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.

3)Сізді бақытты ететін нәрсемен айналысыңыз. Мысалы: ән айту, сурет салу, кітап оқу, анаңызбен сырласу, таза ауада серуендеу т. б.

4)Кей адамдар спортпен шұғылдану арқылы жағымсыз энергиясын шығаруы мүмкін. Физикалық қозғалыспен күш түсіруі арқылы, адамдарда қуанышқа бөлейтін "Бақыт" гормоны бөлінетіндігі дәлелденген.

5)Тәтті әрі пайдалы тамақтаныңыз. Тәтті тағамдар әдетте Хандраның жауы. 

6)Ескі хоббиіңізді еске түсіріп, қайта қолға алыңыз немесе ойыңызда жүрген жаңа хоббиіңізді бастауға жақсы мүмкіндік екендігін ұмытпаңыз. 

7)Дәл қазір өміріңізге маңызды жоспар жасап, сол бойынша жұмыстануды бастаңыз: Жаңа жұмысқа орналасу, профессионалды өсу. Немесе қарапайым: Көптен күткен жүгіруді бастаңыз, демалыс күні достарыңызбен пикникке барыңыз, кітап полкаңызды ретке келтіріңіз т. б. 

Кез келген орындалған жоспар әр күніңіздің мәнін келтіріп, маңызды екендігіңізді далелдей түседі. Қиын болған жағдайда осы күніңізге дейін жеткен жетістігіңізді еске түсіріңіз. Сол арқылы миыңызға сіздің қабілетті екендігіңіз жайлы жағымды сигнал барады.

8)Хандрадан айыққанша осы тізімді қайталап отырыңыз. Бәрі жақсы болатынын ұмытпаңыз!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда