ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӨШБАСШЫ БІЛІМ ОРНЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ QS ЖАҺАНДЫҚ САММИТІ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӨШБАСШЫ БІЛІМ ОРНЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ QS ЖАҺАНДЫҚ САММИТІ ӨТТІ
жеке
блог

«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласында Тұңғыш Президент - Ұлт Көшбасшысы Н.А. Назарбаев қоғамдық сананы жаңғыртудың басты шарттарының бірі «білім - болашақтағы табысқа жетудің негізгі фундаменталды факторы» деп атап өткен еді.Университеттер, адами капиталды қалыптастырудағы маңызды орын ретінде, рухани-адамгершілік білімге баса назар аудара отырып, алдыңғы қатарлы технологиялар негізінде білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етуі керек.

Әлемдік маңызы бар іс-шаралар 18-19 қыркүйекте Қазақстанның жетекші университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де орын алды. Олар ең алдымен «Рухани Жағыры» мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарын жүзеге асыруға, отандық жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және білім беру қызметін экспорттауға бағытталған.

Әлемдік ғылыми және білім беру кеңістігінде ҚазҰУ-тің өсіп келе жатқан рөлін және QS рейтингтегі керемет серпінділікті ескере отырып, университет «Адами мұра мен жоғары технологиялар гармониясына негізделген жетілдіруге» тақырыбында QS World Wide жаһандық форумын өткізуге шешім қабылдады.Бұл форум ғылым мен жоғары білім саласындағы озық тәжірибе алмасу мен таратудың бірегей және әлемдегі ең үлкен алаңы болып табылады. ҚазҰУхалықаралық аренада білім беру нарығын өзгертуге ұмтылуда көшбасшылықтың үлгісін көрсетуде.Университеттің басты мақсаты - халықаралық серіктестікті дамыту, жаһандық жоғары білім жүйесінде қарым-қатынас орнату, әртүрлі әлемдік білім беру жүйелерінің озық тәжірибелерін біріктіру, халықаралық мобильділікті арттыруғамүдделі адамдарды байланыстыру.Оқытушылардың белсенді халықаралық академиялық, ғылыми, кәсіпкерлік қызметін қамтамасыз ету үшін университеттің сыртқы және ішкі ұлт аралық қатынасын нақты ажырату қажет.ҚазҰУ-де магистратура деңгейінде әр білім беру бағыттары бойынша әлемнің жетекші университеттерімен екі деңгейлі бағдарламалар бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына ену жолындағы маңызды мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру үшін маңызды қадамдар жасауда. Осы жылы халықаралық деңгейде танылған университет «World University Rankings» рейтингінде 207 орынға ие болды.

QS WORLDWIDE - университеттердің бәсекегеқабілеттілігін арттыру мақсатында жыл сайынғыұйымдастырылатын стратегиялық саммит.Миссиясы: «Қазақстан мен Орта Азиядағы жоғары білімнің дамуына халықаралық ынтымақтастықарқылы» және «Қазақстан мен Орта Азия университеттерінің әлемдік мойындауына әкелетінпроцестерді қолдау». Саммиттің басты мәселесі - әлемдік білім беру жүйесіндегі рейтингтердің рөлі.

Форум әлемнің жетекші университеттерінің ғылыми, академиялық және әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыру үшін тәжірибе алмасу, озық тәжірибелерді таныстыру, келісімдер жасасу және шетелдік серіктестерді іздеу үшін жұмыс алаңы болып табылады.

Елеулі форумның қара шаңырағымызда өтетіні Экономика және Бизнес мектебінің «Экономика» кафедрасы үшін де аса маңызды, неге десеңіз Экономистер үшін ең маңызды пәндердің бірі «Эконометрика» бойынша кафедрамыз QSрейтингінде сәтті сыналды.

 

«Экономика» кафедрасының оқытушылары Қондыбаева С.Қ және Қабылқайратқызы Р.