Түсіністік керек екен...

Түсіністік керек екен...
жеке
блог
Жалғандықта жарысар кемел бар ма?
 
Ол да дәурен, өтеді кенет алда.

Бар дүние жинайсың шара нешік,

Ол артыңнаң қалады замандарға.

 

Сондықтанда, түсінік керек екен,

Мейлі ағып жатса да өмір алда.

Бұл дүние шегі бар шағын мекен,

Шексіздікті жасауға шама барма?!

 

Сені түсінер жалғанда неше жан бар? 

Соның бәрі уақытша амалдарға.

Білсең егер біреуге жамандама,

Ол да пенде уақытша жаралған да.

 

Қаншама рет табыстым,таныстырдың,

Бәріне айттым мұңымды кімің ұқтың.

Болса болар мына түрім аянышты,

Аянышты мына сенің нағыз құлқың.

 

Сондықтан, ұқпас мені басқа бір жан,

Түсіндім тек кешірек мен қайғырман.

Адамға адам түсініп қарау үшін,

Керек екен адамға қайырлы жан.

 

Өмір деген бос керуен талғамы тар,

Сол өмірге айтар бар үлкен датым.

Мені түсінер жалғанда бір адам бар,

Ол менің анам деген ақиқатым!