Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Уолл-Стрит "кәсіпкерлері"

Уолл-Стрит "кәсіпкерлері"

Уолл-Стрит

11.09.19 күні  "Lumeria Cinema" (ЦУМ) кинотеатрында тұсауы кесілген, Америкалық комедия, драма жанрларының режиссёрі Лорин Скафарриидің ұсынуымен, "Стриптизерши" фильмінің жабық көрсетілімін тамашаладық.

Фильмнің алғашқы бөлігі атақты Уол-Стрит көшесінде орналасқан "түнгі клубты" бойжеткендердің кәсіпке айналдыруынан басталады. Бір темірді айналып, барлығы бірдей қимылдап, бірдей ақша тапқанымен, әрқайсысының бұндай бизнессымаққа келу себептері мен мақсаттары әртүрлі. Бірі жалғызбасты ана (Рамона). Бірі ата-анасының қарауынсыз қалып, қамқорына алған әжесіне көмектесуді көздесе (Дестини), енді бірі  "тәуелсіз әйел" атануы үшін бұл істі әдетке, кейін кәсіпке айналдырады (Аннабель).

Еркектерді әртүрлі категорияға бөле отырып, психологиясымен танысады, арбауға түсіріп, ең соңында ақшасынан айырады. Бұндай жын-ойнақ орнын қаланың барлық еркегі жағалай, бизнестің қайнар көзіне айналдырады. Жан қалтадағы ақша былай тұрсын, жұмыс карточкасын арзан ойнасқа салған еркектердің кесірінен, уақыт өте келе қаладағы ірі компаниялар дағдарысқа ұшырай бастайды. Демек клуб та кризиста. Суы тартылған балық секілді, бұған дейін ақшаның ішінде жүзген бикештер қиын жолдан шығу үшін әртүрлі қитұрқы әдістер қолданады (кетамин, экстази). Ақыр соңында, Уолл-Стритке танымал болған құрбылар қолға түсіп, теміртордың арғы жағынан бір шығады.

Оғаш қылықтарымен экранды жауласа да, басты рөлдерді сомдаған Дестини мен Рамонаның бір-біріне деген әпкелік махаббаты, адал достығы фильмді драмалық жанрға ұластырды.

Фильм соңында түсінде бағыты белгісіз, қорқынышты бос көліктің ішінде үздіксіз жүріп отыратын Дестини қызының болашағы үшін, құрбысын тақырға отырғызды. Алайда бір-бірінен теріс айналған қыздардың өзара сағыныштары еш  басылар емес...

2
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 12 қыркүйек, 22:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.