Ұлттық ұлан офицерлері спорттық әзірліктерін сынап көрді

Ұлттық ұлан офицерлері спорттық әзірліктерін сынап көрді
жеке
блог

Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының кубогіне әскери-спорттық кешенді жаттығулардан сайыс өтті.

Ұзын-саны 100-ге жуық өңірлік қолбасшылық басқармасының офицерлері белтемірге тартылу, 100 және 1000 метрге жүгіру, сондай-ақ күштік жаттығулар орындап, өзара кім мықтыны анықтады.

– ҚР Ұлттық ұланының әскери-спорттық кешені әскери тәрбие берудегі таптырмас құрал болып саналады. Әскери қызметкерлер арасында да бұқаралық спортты дамытуда өзіндік үлесін қосады. Сол себепті біз осындай жарыстарды дәстүрге айналдырып, жыл сайын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында өткізуге тырысамыз, – деді ҚР «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының спорт және дене дайындығы бастығы, майор Бауыржан Дарыбаев.

Аталмыш доданың үш кезеңге бөлінгенін айта кеткен абзал. Алғашқысы – әскери-спорттық дайындық нормативін тапсыру, екіншісі – Ұлттық ұланның физикалық және спорттық дайындық нормативтеріне бағыт берудегі бақылау-тексеру сабағы, ал соңғы кезең – үздіктердің үздігін анықтау. Сайыс салауатты өмір салтын ұстанып, әскери қызмтеткерлердің демалысын белсенді өткізу, сонымен қатар жат әдеттерден аулақ болуға шақыру мақсатымен ұйымдастырылған-ды. Одан бөлек, офицерлер мен келісімшарт негізіндегі әскери қызметкерлер мен әскери қызметтегі әйелдерді ұдайы спортпен айналысуға тарту. Жеңіске деген жігер танытқан әр қатысушы өздерінің жоғары нәтижелерін көрсетіп бақты. Тартысқа толы өткен сайыс қорытындысында үздіктер төмендегідей анықталды:

 

100 метрге жүгіру

 

1.Лейтенант Арман Нұрбекұлы

2.Подполковник Бауыржан Белялов

3.Майор Талғат Қырықбаев

 

Марапаттау рәсімін ШҚО-дағы «Динамо» спорттық қоғамы төрағасының бірінші орынбасары, отставкадағы полковник Ержан Жұмаділов жүргізді.

 

1000 метрге жүгіру

 

1.Майор Талғат Қырықбаев

2.Подполковник Денис Шарабхан

3.Подполковник Алексей Шахрай

 

Марапаттау рәсімін регбиден облыстың аға жаттықтырушысы Талғат Омаров жүргізді.

Белтемірге тартылуда подполковник Евгений Шалойкоға тең келері болмады. Екінші орын майор Ринат Саматовқа бұйырса, үздік үштікті подполковник Алексей Шахрай қорытындылады.

Марапаттау рәсімін облыстық қоян-қолтық ұрыс федерациясының Президенті Мирхат Болатханов жүргізді.

Ал әскери қызметтегі әйелдер арасында күштік-кешенді жаттығулар орындауда кіші сержант Ирина Бондареевич топ жарды. Кіші сержант Гүлнұр Қашқынбаева екінші орыннан көрінсе, үшінші орынға кіші сержант Дильяра Умурзақова ие болды.

Марапаттау рәсімін облыстағы «Динамо» спорттық қоғамы ұйымдастыру бөлімінің басшысы, запастағы подполковник Жанболат Санабаев жүргізді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының генерал-майор Қайрат Ақтанов медальдар және мадақтама қағаздар табыс етті.

 

Бағдат Амангелді, ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс»

 өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы