Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ұландықтар әскери бессайыстан сынға түсті

Ұландықтар әскери бессайыстан сынға түсті

Ұландықтар әскери бессайыстан сынға түсті

Өскемендегі 5518 әскери бөлімі базасында әскери бессайыстан ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке-командалық біріншілігі өз мәресіне жетті.

   Аталмыш додаға Өскемен, Семей, Курчатов және Павлодар қалалларынан ұзын-ырғасы 24 адам қатысқан-ды. Сайыс барысында спорттшылар 15 спорттық атақ орындады.

Ұлттық ұландықтар  АК-1 автоматынан ату жаттығуы, Ф-1 гранатасын алысқа әрі дәл атудан, 50 метр қашықтыққа еркін әдіспен жүзуден, 400 метр қашықтыққа созылған кедергілерді еңсеру, сондай-ақ 8000 метре кросс жүгіру бойынша өзара кім мықтыны анықтады.

  Жекелей біріншілік қорытындысы қатысушылардың көпсайыс бойынша жинаған ұпайларына қарай белгілі болды. Егер екі не одан көп қатысушының ұпайы тең болса, онда 8000 метр қашықтықты жылдам жүгіріп өткен спортшыға (одан ары ату, граната лақтыру сынды жаттығулар есепке алынады) басымдық беріледі. Ал командалық біріншілік көпсайыс бойынша есептік қатысушылар иеленген ұпайға қарай анықталды. Жоғарыда көрсетілгендей, екі не одан көп командалардың ұпайы теңесіп тұрса, онда 8000 метрді жылдам еңсерген команда жоғары ұпайын иеленбек (бұл жерде де ату, граната лақтыру сынды жаттығулар ескеріледі). Барша қатысушы жеңіс үшін соңына дейін сайысып, табандылық танытты. Сайыс қорытындысында командалық есепте үздіктер төмендегідей анықталды:

 1. 6699 әскери бөлімі (Өскемен) 13323 ұпай

2. 6679 әскери бөлімі (Павлодар қаласы) 11052 ұпай

3. 5511 әскери бөлімі (Семей) 12260 ұпай

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар мен мадақтама қағаздарына ие болды.

 Бағдат Амангелді,

ҚР «Шығыс» өңілік қолбасшылығының баспасөз бастығы

0
Рейтинг: +0

Автор: Адилхан
Жазылған уақыты: 02 шілде, 22:00
Тегтер: Әскери бессайыс, Ұлттық ұландықтар, Өскемен

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.