Қазіргі заманға керегі - білімді адам

  Білімнің алды жарық,

 Білімсіздің түбі ғарып - деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей білім əрдайым, əрқашан керек нәрсе. Кезінде Абай атамыз өзінің отыз сегізінші қара сөзінде :

"Ғылым-білімді əуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей  болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады"-деген екен.Шыныменде ойланып қарасақ басында ата-ана баласын оқуға сүйреп жүреді, кейіннен бала өзі ізденіп білімді болуға талпынып , алдыға ұмтыла бастайды. Бірде сынып жетекшіміз бізге бәрімізге "Өздеріңді қанша пайыз білімдімін деп санайсыңдар ? "- деген сұрақ қойған болатын. Əр оқушыдан жауаптарын сұрады. Сол кезде мен өзімді 1% білімді адаммын деген болатынмын. Бұл жауабыма сыныптастарым қатты таңғалды. 1% білімдімін деген себебім мен ол кезде бар болғаны мектептегі пәндер жайлы білетінмін.Білмегенім көп еді, қазіргі кезде де өзімді білімді адаммын деп айта алмаймын.Үйренерім əлі көп. Ал сіз өзіңізді қанша пайыз білімді адаммын деп санайсыз?  Осы сұраққа жауап іздеп көріңіз. Қазіргі заман - білімінің заманы.Қазіргі заманда білімді адам болу өте қиын.Қазір жаңа технологиялардың заманы, ақпарат заманы . Нағыз білімді адам кез келген нәрсеге дайын болып үйрену керек мейлі ол  жаңа технология болсын, мейлі шет тілі болсын,  мейлі тарих болсын.Қазіргі заманға керегі -жан-жақты,бəріне қабілетті білімді адам.Сол үшін білімді болуға талпынайық, білімімізді толықтырып, білмейтінімізді зерттейік 



Бөлісу: