Жолы болмаған адам жайлы немесе тағдыр туралы
жеке
блог

Жолы болмаған адам жайлы немесе тағдыр туралы

Өмірде жолы болмаған үш адамның біреуінің айтатын әңгімесі - тағдырды кінәлау.Сенің жолынның болмағанына немесе сәтсіздіктерге ұшырағаныңа тағдыр кінәлі емес қой ! 

Мүмкін ол сәтсіздіктердің барлығын өзің жасап алған шығарсын ?

 Жалпы қытай даналығында мынадай жақсы сөз бар: 

"Тағдыр дегеніміз- адамдардың жасаған қателіктерінің жиынтығы".

 Міне, осы үшін де тағдырдан емес, өзімізден көруіміз керек!

 Еліміздегі қай депутатты көрдіңіз: "ойбай, басымның соры қалың, тағдырдың тезіне ұшырағаным соншалық айына 500 мың жалақы аламын"- деп айтқан? 

Жоқ! Мұндай сөзді және де осы іспеттес сөздерді жағдайы жақсы ешбір адам айтпайды. 

Сол себепті бар болуың да, жоқ болуың да өз қолыңда!