Жастардың жетістігі Факультеттің жемісі

Жастардың жетістігі Факультеттің жемісі
жеке
блог

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі Тарих, археология және этнология факультетінде Қазақстан тарихы, шетел тарихы, археология, этнология, музей ісі, кітапхана ісі, ескерткіштерді қорғау, мұрағаттану салалары бойынша жоғары дəрежелі мамандарды дайындау ісінде еліміздің ең мықты, мойындалған орталығы болып табылады. 1948 жылы ҚазМУ-дың тарих факультеті тарих бөлімінен жеке факультет болып құрылды. Оның басында академиктер А.М. Панкратова, С.Н. Покровский, Қазақ КСР ҒА корреспондент мүшесі, т.ғ.д., профессор Е.Б. Бекмаханов сияқты ғалымдар бастады. Сол жылдардан бастап факультеттің жетістіктері күн санап артып келе жатқаның оның түлектерінен де байқауымызға болады. Факультетте 3 кафедра жұмыс істейді. Оның біріншісі Қазақстан тарихы кафедрасы, меңгерушісі т.ғ.д., профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы. Екінші Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, меңгерушісі т.ғ.д., профессор Сұлтанғалиева Гүлмира Сәлімжанқызы және археология, этнология және музеология кафедрасы, меңгерушісі  т.ғ.к., доцент Омаров Ғани Қалиханұлы. Әр кафедраның атқарып жатқан жұмыстары бұл үлкен еңбек, ғылыми ізденісті талап етуде. Сонымен қатар бір емес бірнеше орталықтар мен ғылыми мектептердің жұмыс істеуі, факультеттің ішінде музейдің болуы, жылда шығатын монографиялардың, баспалардың өзі мақтануға тұрарлық.

 

                «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек, яғни 2019 - Жастар жылы» деп елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен университеттегі атқарып жатқан барлық іс шараларға факультет болып, кафедра болып оқытушылар студенттерімен ат салысуда. Факультетте білім алып жатқан бакалавр жастарымыздан бастап, магистрант, доктарант жастарымыздың Республикалық дәрежеде өтетін конференцияларға қатысып орын алып, факультетттің ғана емес университеттің де мәртебесін жоғарылатуда. Алда бұл көрсеткіштер жылдан жылға өсетініне және көркейе беретініне мен нық сенімдімін. Өйткені таза ғылыми, тарихи білім тек біздің Қазақ Ұлттық университетіміздің Тарих, археология және этнология факультетінде!!!

 

Әл-Фараби атындағы

 

Қазақ Ұлттық университетінің

 1 курс магистранты

 Берікқызы Нұрсәуле

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:

 Қазақстан тарихы кафедрасының

 т.ғ.к.,доценті Л.М.Хасанаева