Денис Тенге арнап ескерткіш қойылды.

Денис Тенге арнап ескерткіш қойылды.
жеке
блог

 
Осыдан бір жыл бұрын Байсейтова және Құрманғазы көшелері бойында, қазақстанға танымал мәнерлеп сырғанаушы, бірнеше дүркін әлем чемпионы Денис Тенге оқыстан шабуыл жасалған болатын. Шабуыл салдарынан Денис ауруxанада 19- шілде күні көз жұмды. Міне бүгін осы бір алтын жігітке арнап ескерткіш қойылуда. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Роза Рымбаеваның сөзі бойынша: « Бұл ескерткіш еліміздегі алғаш рет спорт адамынар арналып жатқан белгі екен». Шыныменде осы уақытқа дейін өнер,музыка,білім саңлақтарына арналған біршама ескерткіштер қойылғанымен, спорт саласындағы адамдарға мұндай құрмет көрсетілмеген еді.
Ескерткіш негізінен бронзадан жасалған, биіктігі 2 метр. Бұл туындының авторы Сан-Петербургтік скульптурашы Матвей Кукушкин болып табылады. Негізінен бұл ескерткіштің салынуына қолдау білдірген Алматы қаласының әкімдігі . Және де ескерткіштің шымылдығын ашып берген, Алматы қаласы әкімдігінің орынбасары Қырықбай Арман Оразбайұлы болды. Ашылу салтанаты барысында жақын арада Денистің анасымен бірігіп , ұлына арнап кітап шығаратындығы айтылды. Одан басқа қазан айында xалықаралық турнир өтетіндігі xабарланды. Мұның бәрі де оны ешқашан да естен шығармауымызға көмектесетін құбылыс.
Бұл күні Денисті еске алуға Алматы қаласының жастары мен біршама тұрғындары келді. Оған қоса : белгілі боксшы Ибраhим Ермаxанов , әлемге танымал ауыр атлетика чемпионы Илья Ильин сынды танымал жандар келіп, өзінің жүрек жарды сөздерін айтты.
Сөз соңында жарқырап жанған жас талантты Алматы тұрғындары, бұл ғана емес бүкіл қазақ жұрты еш ұмытпайтындығын айтықымыз келеді. Оған дәлел ретінде 20- шілде күні Алматы мұз айдынында Дениске арнап xалықаралық олимпиада өткізіледі. Бұл шараға мәнерлеп сырғанаушының шетелден достары келіп, өнер көрсетеді. Демек шетелдік жандардың да оны құметтеуінің бір белгісі лсы шығар. Ешқашан ұмытылмас жас талант, біз сені ұмытпаймыз! Біз сені мақтан тұтамыз!!!