«Әл-Фараби – өркениеттің ойшылы» атты деректі фильмі

«Әл-Фараби – өркениеттің ойшылы» атты деректі фильмі
жеке
блог

Қазіргі замандағы халықтардың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алатыны айтпаса да белгілі. Жалпы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кинообраздар іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады.  Сондықтан тез арада Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керек.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Мedar» халықаралық мәдени зерттеулер орталығы  (Түркия)  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесе отырып «Әл-Фараби – өркениеттің ойшылы» атты деректі фильмін түсірді. ЮНЕСКО-ның қолдауымен 2020 жылы аталып өтетін  әл-Фарабидің 1150 жыл толуына орай ҚазҰУ-да қазақ тіліндегі деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Аталмыш шараға көрнекті фарабитанушы ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, кинотанушылар, оқытушылар, студенттер, сондай-ақ ҚР-дағы Түркия Республикасы Бас елшілігінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Фильм үш бөлімнен тұрады, онда әл-Фарабидің өмірі жайлы баяндалған. Деректі фильм Қазақстаннан бөлек Түркия елінің TRT телеарнасынан көрсетіледі. Бұған дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті голландиялықтармен бірігіп "әл-Фараби-Екінші ұстаз" деректі фильмін түсірген болатын.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің

1 курс магистранты Маханбетәлі Арайлым

 

Ғылыми жетекшісі:

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті т.ғ.к. М.К.Мекебаев