Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Спорт денсаулық кепілі жобасы

Спорт денсаулық кепілі жобасы

Спорт денсаулық кепілі жобасы

Спорттық жарыстар қашанда адамды жылдамыдққа, шапшаңдыққа, озбырлыққа үйретсе, спорттық жарыс барысында берілетін тапсырмалар студенттерді тапқырлыққа, ойлау қабілетінің жақсаруына, командамен жұмыс істеуге үйретеді, сонымен қатар топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшыл болуға үйретеді. əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Университет ректоры Ғ.М.Мұтановтың "Спорт-денсаулық кепілі" атты бағдарламасы аясында Ақпараттық технологиялар факультетінің информатика кафедрасының ұйымдастыруымен ҚазҰУ-дың спорт кешенінде информатика кафедрасы мамандықтары арасында спорттық жарыс өтті. Сайыста 5 адамнан құралған 6 команда бақ сынасты. Олар: "Сұңқар", "Жас Қанат", "Тұлпар", "Барыстар", "Барыстар", "Жұлдыздар" жəне "Жас Star" командалары. Сайыс барлығы 5 кезеңнен тұрды. Жарыс барысында студенттердің білімдерін тексеру барысында математикалық тапсырмалар берілді. Əр команда өз жанкүйерлерімен бірге жарысқа зор ықыласпен дайындалып келгендері көрініп тұрды. Өте қызық, əрі тартысты жарыс болды. Қорытынды есеп бойынша жүлделі 1-орын ЕТжБҚ мамандығының 1-топ студенттерінен құралған "Жас Қанат" тобына, 2-орын ЕТжБҚ мамандығының 2-тобының студенттерінен құралған "Барыстар командасына бұйырды, ал 3-орын Информатика мамандығының 1-топ студенттерінен құралған "ЖасStar" командасына бұйырды. Жеңімпаздар топтарға сыйлықтар мен грамоталар берілді. Жарысқа қатысқан барлық студенттерге жеміс-жидектер үлестірілді.

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 30 мамыр, 00:08
Тегтер: ҚазҰУ, ЕТжБҚ, студенттік топ, тәрбие жұмысы

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.