жеке
блог

Сыр айтататын жеңге де табылмады........

Анадан үшеу әкеден алтау болып өстік.Екі ағам,бір әпкемнің артынан 12 жыл салып туылған, анасының тұңғыш айы мен едім.Олай дейтінім әкемнің алғашқы жары дүниеден ерте озып, менің анамды екінші жар етіп алған-ды. Балалық шағымда тоқалдан туылдың ба?-деп әзілдескен достарымның сөзі менің жүрегіме бататын.Өсе келе бұл сөздің жәй ғана әзіл ретінде қолданылатын түсініп, еш мән бермеуді үйрендім.Сыныптастарымда бұл жайлы сөз қозғаған емес.


Кіші ағам мен менің арамыз тұп-тура 12 жыл болатын. Екеуміз бір мүшелде туылған соң ба,мінезіміз де ұқсас болды. Үлкен ағам болса, кіші Нұрперзент ағамнан 4 жас үлкендігі бар еді. Өзі жеке отау болғанша, xәл - жағдайымды сұрап xабарласып тұратын. Отбасы болған қолы тимей жүр ме?! Әйтеуір іздеуді қойды. Отбасының ең үлкені, әкемнің тұңғышы әпкетайым ерте тұрмысқа шығып кеткен.Қазірде бір отбасының ошағын түтетіп, 5 баласының анасы болып отқан жайы бар. Анда-санда xабарласып,ата-анамның жағдайын біліп отырады. Арадан қонаққа келіп кетеді.Бірақта мүлдем біздің үйде жатқан емес. Келген соң 2-3 сағат уақыт көлемінде кетемінді айтып, үйіне айтатын. Әпкемнің отырып сырпасғалы түгілі, ас беріп әрең үлгеретінбіз. Ас қамында жүргенде анам да жанымызда болады . Сондықтан болар, жарылып ешнәрсе айта алмайтынмын.

Әсіресе жасөспірім кезімде көп ашуланшақ болып кеттім. Сабырға шақырар жеңгелерімде қасымда болмады. Өз анаммен болса әр күн сайын ренжісіп қалатынбыз. Анама : «сіз мені түсінбейсіз»-деп көп ашуланатын едім. Шыныменде сол уақытта маған мені түсінетін, өзге дос, сырлас жан керек болды. Жеңгелерім қарай үңілдім. Бірақта олардың маған көңіл аудармасын, жұмыстарынан уақыты болмасын сездім. Сонымен өзіме күнделік деп аталатын дос таптым. Күнделікті болған оқиғаларды, тіпті олай айтуға да келмес... Қатты ашуларған немесе қатты қуанған(ондай жағдай сирек болды) жәйттарымды қағаз бетіне түсіріп үйрендім.Ең қызығы қолыма қалам алып, бір - екі жол жазған соң, сабырға келіп ойланып кетер едім. Ақыр соңында өзімнің іс-әрекетімнің дұрыс болмағанын ұғынып, қатемді түзеуге тырысар едім.

Қазіргі уақытта нағыз жеңге болатын қыз-келіншектеріміз азайып барады.Бірі жұмысына үлгеріп, отбасын ұмытып жатса,ендібірі керісінші іс-әрекетке барып жатыр. Осы сәтте сізге сыр айтар дос керек болса, қалам мен қағазға жүгінгейсіз. Әйтседе сырлас жеңге табылып жатса, бетін қақпаңыз. Дос болыңыз!!!!!!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі