KFC BATTLE музыка мен спорт фестивалі

KFC BATTLE музыка мен спорт фестивалі
жеке
блог

Қазақстанда өткен KFC BATTLE музыка мен спорт фестиваліне 30 000-нан астам адам қатысты. Жыл сайын қатысушылардың да саны артып, фестиваль арқылы танымал болып жатқан азаматтар да жетерлік. 8 жыл қатарынан өткізіліп жатқан спорт пен музыка мерекесі 14 пен 30 жас аралығындағы жігерлі жастардың басын қосып, үздіктерді қалың көпшілікпен таныстырып келеді.

Биылғы фестивальдің арнайы қонағы «ТНТ» телеарнасында өткен «Песни» жобасының қатысушысы, әнші Наzима өз сөзінде мұндай фестивальдердің маңыздылығын атап өтті: «Осыдан бір жыл бұрын мен де өз күшімді сынап, нар тәуекелге бел будым. Қарап отырсаңыз, үлкен жетістіктерге қол жеткіздім. Бұл фестивальге қатысып отырған әрбір азаматттың зор мүмкіндігі бар. Ол да ертең жарық жұлдызға айналуы мүмкін. Фестиваль әрдайым жастарға қолдау білдіретініне қуаныштымын»

Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларында өткен жарыстарда үздік көрсеткіш көрсеткен футбол және стритбол командалары Мәскеуде өтетін суперфиналға жолдама алды. Алматы қаласында бастау алған фестиваль Орталық Азия мен Ресей мемлекеттерінің бірқатар қалаларында жалғасын табады. Ал Мәскеу қаласында өтетін супер финалда топ жарған үздік қатысушылар Испания еліне баруға, танымал продюсерлік орталықтарымен келісім-шарт жасауға жолдама алады.