Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Отырардан сұрапыл соғысқа 3800-ден аса жауынгер аттанған

Отырардан сұрапыл соғысқа 3800-ден аса жауынгер аттанған

Отырардан сұрапыл соғысқа 3800-ден аса жауынгер аттанған

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да 74 жыл болыпты. Айтулы мерекені отырарлықтар «Арыс жағалауы» саябағында «Ер есімі – ел есінде» атты тақырыппен салтанатты жағдайда атап өтті. Жиында адамзатқа бейбіт өмір сыйлаған Ұлы жеңіс тақырыбындағы қойылған театрландырылған көрініс сол кезеңнің тарихын көз алдымызға әкеліп, көптің көңілінен шықты.
Мұнан соң жерлестеріміз Кеңес Одағының батырлары Сейітқасым Әшіров пен Темірбек Ибрагимовтердің еңселі ескерткіштері мен меморалдық кешенге Аудан әкімі Ерлан Айтаханов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаевтар азалы әуеннің сазымен жеңіс жолында шейіт кеткен жерлестерімізге арнап гүл шоқтарын қойды. Ауданымыздың бас имамы Серғали Байниязов марқұм болған боздақтардың рухына арнап, құран бағыштады.
Салтанатты шарада аудан әкімі Ерлан Айтаханов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев сахнаға көтеріліп, аудан халқын орны бөлек мерекемен шын жүректен құттықтады.
Аудан басшысы өз сөзінде «Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев майдангерлер қақында: «Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз» деген болатын.
«Өткенімізге шегініп қарайтын болсақ, осыдан 74 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Сол бір сұрапыл жылдарда 3800-ден аса отырарлықтар майданға аттанып, 2466 боздақ туған жерге оралмады. Олардың есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды» - деп көпшілікке ізгі тілегін жеткізді.
Ұлы Жеңістің 74-жылдығына арналған салтанатты шарада аудан өнерпаздары соғыс жылдарындағы әндерді нақышына келтіріп орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналып ұйымдастырылған мерекелік жәрмеңкені жұртшылықпен бірге аудан әкімі Ерлан Айтаханов та аралап, тұрғындар мен кәсіпкерлерді Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтады.
Мерекелік дастарханға қойылатын азық-түліктермен ауыл шаруашылық өнімдерін базар бағасынан төмен бағада көпшілікке ұсынды. Мерекені көтеріңкі көңіл-күймен атап өту мақсатында өткен шара тұтынушылардың көңілдерінен шықты.
Қоғам ауылындағы С.Әшіров атындағы жалпы орта мектебінде Ұлы Жеңістің 74 жылдығына Кеңес Одағының Батыры Сейітқасым Әшіровты еске алуға кіші футболдан 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті. Биыл үшінші рет өтіп отырған дәстүрлі турнирге облысымыздың 10 ауданынан 12 команда қатысып, өзара бәсекеге түсті. Аталмыш шарада сөз алған аудан басшысы "Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 74 жыл толып отыр. Майдангер аға толқынның ержүректігі мен туған жерге, Отанға деген іңкәр сезімі бүгінгі ұрпақты бейбіт күнде ғұмыр кешуге жол ашты. Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік мыңдаған қазақстандықтардың тұла бойынан жалындап тұрды. Бабаларымыздың осы ерліктері бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болуы тиіс" ,-деп балғын спортшыларға сәттілік тіледі.
Сұрапыл соғыстан 1300 -ден астам жауынгерлер туған жерге аман - есен оралса, қазір солардан қалғаны Сейдахан Дәуренбеков пен Тұрғанбай Сәбитов ғана. Аудан әкімі қарт майдангерлермен бірге Пәк ана жасы 116-ке толып отырған Хадиша Бекқұлиевалардың отбасыларына арнайы барып, ардагерлердің хал-жағдайын біліп, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.
Мерекеге орай қарт майдангерлердің иығына зерлі шапан жауып, оларға шаңсорғыш, газплита құрылғыларын тарту еткен аудан басшысына жауынгер аталарымыз өздерінің ақ баталарын беріп, алғыс сезімдерін жеткізді.
 
Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 09 мамыр, 12:45
Тегтер: Отырар, киелі өңір

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.